"Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/315-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 4718 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Мұсабеков
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Қ.Балабиев

  Түркістан облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 28
тамыздағы № 29 /315-VІ
шешіміне 1-қосымша

"Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

      2. "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметін, қабілеттерін, дарындылығы мен бастамаларын қоғам болып мойындап, оларды моральдық тұрғыдан ынталандырудың маңызды бір түрі болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың облысты экономикалық және әлеуметтік дамытудағы күш-жігерін көтермелеуге, өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік пен этностар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге шақырады.

      3. "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалды әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін этностар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда облыс алдындағы айрықша сіңірген еңбегі үшін беріледі.

      4. "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.

      5. "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.

2. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі

      6. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.

      Сонымен қатар, облыс әкімінің ұсынысымен "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы мерейтой күндері қарсаңында берілуі мүмкін.

      7. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдарының, қалалық және аудандық мәслихаттардың, қала және аудан әкімдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің бастамалары бойынша жүзеге асырылады.

      Еңбек ұжымдарының, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қолдаухаттары тиісті қалалық, аудандық мәслихаттарға немесе әкімдіктерге жіберіледі.

      Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.

      Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қаралмайды.

      Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкiлді органның шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.

      8. Аудандар мен қалалардың әкімдері, мәслихаттары "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі келіп түскен құжаттарды қарап, атақты нақты тұлғаға беру жөніндегі тиісті ұсыныстарды қолдаухатпен бірге және оған қоса тiркелетiн құжаттарымен облыс әкiміне жолдайды.

      9. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты облыс әкімі облыстық мәслихатқа аталған мәселені облыстық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін он күннен кешіктірмей енгізеді.

      10. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді облыстық мәслихат қабылдайды.

      11. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, облыстық бюджеттің есебінен куәлігі мен төсбелгісін жасауды облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      12. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы куәлікке облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың хатшысы қол қояды.

      13. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" төсбелгісі мен оның куәлігін облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда табыс етеді.

      14. "Түркістан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. " Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыну тәртібі

      15. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағы жылына бір рет беріледі. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағы жыл сайын әрбір қала, аудан бойынша он адамға дейін-ақ берілуі мүмкін.

      16. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру еңбек ұжымдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерінің бастамасы бойынша, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

      Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 2,5х3,5 және 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.

      Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қаралмайды.

      Сол, бір кандидатқа қолдаухат өкiлді органның шақырылымы кезеңiнде екi реттен артық енгiзiлмейдi.

      17. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдаухат оған қоса тіркелетін құжаттарымен бірге тиісті қалалық, аудандық әкімдікке жіберіледі.

      18. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты қала, аудан әкімі тиісті қалалық, аудандық мәслихатқа аталған мәселені қалалық, аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға дейін 1 айдан кешіктірмей енгізеді.

      19. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді қалалық, аудандық мәслихат қабылдайды.

      20. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, қалалық, аудандық бюджеттің есебінен куәлігі мен төсбелгісін жасауды қала, аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.

      21. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы куәлікке қала, аудан әкімі мен қалалық, аудандық мәслихаттың хатшысы қол қояды.

      22. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" төсбелгісі мен куәлігін қала, аудан әкімі, қалалық, аудандық мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда табыс етеді.

      23. "Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айыру және қалпына келтіру

      24. "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы берілген тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, оған атақ беру туралы ұсыныс енгізген облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынымы негізінде, тиісті мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айырылады.

      25. Осы Қағиданың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақты беруге ұсыныла алмайды.

      26. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға "Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағы тиісті әкімнің ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.

  Түркістан облыстық
мәслихатының 2018 жылғы 28
тамыздағы № 29 /315–VІ
шешіміне 2-қосымша

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);

      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/123-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2344-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 03 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);

      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 19/168-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2410-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 21 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);

      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 28/219-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2718-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);

      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/149-VІ "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 17/215-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының (Оңтүстік Қазақстан облысының қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4165-нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 27 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылғы 31 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)"

Решение Туркестанского областного маслихата от 28 августа 2018 года № 29/315-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 4 сентября 2018 года № 4718

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Туркестанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Южно-Казахстанского областного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат Туркестанского областного маслихата" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Туркестанской области;

      4) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Туркестанского областного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      областного маслихата Б.Мусабеков
      Секретарь областного маслихата К.Балабиев

  Приложение 1
к решению
Туркестанского
областного маслихата
от 28 августа 2018 года
№ 29/315-VІ

Правила присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" разработаны в целях реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Присвоение звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" является одним из важных моральных стимулов, выражением общественного признания плодотворной деятельности заслуженных граждан, их способностей, дарования и инициативы. Оно призвано повышать трудовую и общественную активность граждан, поощрять их усилия в экономическом и социальном развитии области, воспитывать молодое поколение в духе казахстанского патриотизма и укрепления дружбы между этносами.

      3. Звание "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" присваивается в знак признания особых заслуг перед областью за большой вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки и культуры, образования, за достижения в государственной и общественной деятельности, развитии демократии, гласности и социального прогресса, духовного и интеллектуального потенциала, обеспечение законности, общественного порядка, активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан, плодотворную работу по укреплению межэтнического согласия, общественной стабильности, мира, дружбы и сотрудничества между этносами, проживающими в области, за наивысшие результаты в сфере производства, бизнесе, творчестве, спорте, на государственной и военной службе, за активное участие в защите окружающей среды, благотворительную деятельность и милосердие.

      4. Звание "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" присваивается гражданам при жизни.

      5. Звание "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" не может быть присвоено лицам, имеющим судимость, а также ранее судимым, за исключением лиц, незаконно осужденных и в последующем полностью реабилитированных по решению суда.

2. Порядок присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области"

      6. Ежегодно звания "Почетный гражданин Туркестанской области" могут быть удостоены не более двадцати пяти человек. В случае, если присвоение указанного звания не производилось в текущем году, оно может быть перенесено на следующий год.

      Также присвоение звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" может быть приурочено к юбилейным датам по представлению акима области.

      7. Присвоение звания "Почетный гражданин Туркестанской области" осуществляется по инициативе трудовых коллективов, городских и районных маслихатов, акимов городов и районов, политических партий, общественных и религиозных объединений.

      Ходатайства от трудовых коллективов, политических партий, общественных и религиозных объединений направляются в соответствующие городские, районные маслихаты или акиматы.

      Ходатайство подписывается соответствующим руководителем, в нем указываются конкретные заслуги кандидата. К ходатайству прилагаются выписка из протокола собрания, копии документов, подтверждающих особые заслуги, биографические данные кандидата, сведения о судимости, фотографии размером 2,5х3,5 и 9х12.

      Ходатайства о присвоении звания, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры, не рассматриваются.

      Ходатайства на одного и того же кандидата могут вноситься не более двух раз в период одного созыва представительного органа.

      8. Рассмотрев поступившие документы о присвоении звания "Почетный гражданин Туркестанской области" акимы, маслихаты районов и городов направляют акиму области соответствующие представления вместе с ходатайством и прилагаемыми к нему документами о присвоении звания конкретному лицу.

      9. Предложения о присвоении звания "Почетный гражданин Туркестанской области" вносятся в областной маслихат акимом области не позднее, чем за десять дней до рассмотрения данного вопроса на сессии областного маслихата.

      10. Решение о присвоении звания "Почетный гражданин Туркестанской области" принимает областной маслихат.

      11. Ведение документации и учета по вопросам присвоения звания "Почетный гражданин Туркестанской области", изготовление за счет областного бюджета удостоверений и нагрудных знаков осуществляет аппарат акима области.

      12. Удостоверение о присвоении звания "Почетный гражданин Туркестанской области" подписывается акимом области и секретарем областного маслихата.

      13. Вручение нагрудного знака "Почетный гражданин Туркестанской области" и удостоверения к нему производится в торжественной обстановке акимом области, секретарем областного маслихата.

      14. Решение о присвоении звания "Почетный гражданин Туркестанской области" публикуется в областных средствах массовой информации.

3. Порядок присвоения звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области"

      15. Присвоение звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" осуществляется один раз в год. Ежегодно звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" могут быть удостоены не более десяти человек в каждом городе, районе.

      16. Присвоение звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" осуществляется по инициативе трудовых коллективов, политических партий, общественных и религиозных объединений, а также акимов сельских округов на основании решения собраний (сходов) местных сообществ.

      Ходатайство подписывается соответствующим руководителем, в нем указываются конкретные заслуги кандидата. К ходатайству прилагаются выписка из протокола собрания, копии документов, подтверждающих особые заслуги, биографические данные кандидата, сведения о судимости, фотографии размером 2,5х3,5 и 9х12.

      Ходатайства о присвоении звания, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры, не рассматриваются.

      Ходатайства на одного и того же кандидата могут вноситься не более двух раз в период одного созыва представительного органа.

      17. Ходатайства о присвоении звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" вместе с прилагаемыми к ним документами направляются в соответствующий городской, районный акимат.

      18. Предложения о присвоении звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" вносятся в соответствующий городской, районный маслихат акимом города, района не позднее, чем за один месяц до рассмотрения данного вопроса на сессии городского, районного маслихата.

      19. Решения о присвоении звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" принимает городской, районный маслихат.

      20. Ведение документации и учета по вопросам присвоения звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области", изготовление за счет городского, районного бюджета удостоверений и нагрудных знаков осуществляет аппарат акима города, района.

      21. Удостоверение о присвоении звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" подписывается акимом города, района и секретарем городского, районного маслихата.

      22. Вручение удостоверения и нагрудного знака звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" производится в торжественной обстановке акимом города, района, секретарем городского, районного маслихата.

      23. Решение о присвоении звания "Почетный гражданин города, района Туркестанской области" публикуется в местных средствах массовой информации.

4. Лишение и восстановление звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)

      24. Лицо, которому присвоено звание "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" лишается его по решению соответствующего маслихата на основании представления акима области (города, района), вносившего предложение о его присвоении, в случае вступления в отношении данного лица в законную силу обвинительного приговора суда.

      25. Лицо, лишенное звания "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" по основаниям, предусмотренным пунктом 24 настоящих Правил, не может быть повторно выдвинуто на присвоение данного звания.

      26. Гражданам, незаконно осужденным и реабилитированным полностью по решению суда, восстанавливается звание "Почетный гражданин Туркестанской области (города, района Туркестанской области)" решением соответствующего маслихата на основании представления соответствующего акима.

  Приложение 2
к решению
Туркестанского
областного маслихата
от 28 августа 2018 года
№ 29/315-VІ

Перечень утративших силу некоторых нормативных правовых актов Южно-Казахстанского областного маслихата

      1. Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2010, опубликовано 18 мая 2009 года в газете "Южный Казахстан");

      2. Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 26 июня 2013 года № 14/123-V "О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2344, опубликовано 03 августа 2013 года в газете "Южный Казахстан");

      3. Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 25 октября 2013 года № 19/168-V "О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2410, опубликовано 21 ноября 2013 года в газете "Южный Казахстан");

      4. Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 25 июня 2014 года № 28/219-V "О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2718, опубликовано 23 июля 2014 года в газете "Южный Казахстан");

      5. Решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 27 июня 2017 года № 13/149-VІ "О внесении изменения в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 23 апреля 2009 года № 17/215-IV "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Южно-Казахстанской области (города, района Южно-Казахстанской области)" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4165, опубликовано 27 июля 2017 года в газете "Южный Казахстан" и эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 31 июля 2017 года).