Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 27.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Кентау қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Кентау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Кентау қалаллық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | К. Беркімбаев |
Кентау қаласы мәслихатының | |
хатшысы | Т. Балабиев |
Кентау қалалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 шешіміне 1 қосымша |
Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 25.09.2020 № 383 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
0,95 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,3992 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,275 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,275 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,0 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,0001 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,23 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | -- |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,974 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
19 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,91 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,107 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,2 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | -- |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,2 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,27 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
31 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | -- |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,0019 |
Кентау қалалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 шешіміне 2 қосымша |
Кентау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы үйлер | 1 адам | 118 |
1.2 | Жайлы емес үйлер | 1 адам | 132 |
1.3 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 1456 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері | ||
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 190 |
1 тонна | 950 | ||
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 242 |
1 тонна | 1210 | ||
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге арналған тарифтері | ||
3.1 | Пластикалық қалдықтар | 1 кг | 35 |
3.2 | Қағаз-картон бұйымдары | 1 кг | 15 |
3.3 | Шыны қалдықтары | 1 кг | 7 |
3.4 | Резинке қалдықтары | 1 кг | 5 |
3.5 | Ағаш қалдықтары | 8% | - |