Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 "Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 383 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 қазанда № 5835 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 123 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 27.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 "Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы Ж. Курманбеков
      Мәслихат хатшысы Т. Балабиев

  Кентау қалалық
мәслихатының 2020 жылғы
25 қыркүйектегі
№ 383 шешіміне қосымша
  Кентау қалалық
мәслихатының 2018 жылғы
26 қаңтардағы
№ 129 шешіміне 1 қосымша

Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95
1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 келіп кету

0,275

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

1,23

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

--

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,974

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

--

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

--

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,91

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

--

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,06

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

31

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

--

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,0019


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады