"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 "Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 нөмірімен тіркелген);
2) Кентау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 383 "Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 129 "Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | К. Елеусизов |