Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 24.04.2019 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 228 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4177 болып тіркелген, 2017 жылы 16 тамызындағы "Шаян" газетінде және 2017 жылы 15 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Темірге жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Танагузов |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 30 мамырдағы 2018 жылғы № 198 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Абай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 126 | 3 |
2 | Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян көпсалалы лицей- жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 150 | 3 |
3 | Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 163 | 3 |
4 | Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С.Әбдіжаппаров жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 162 | 3 |
5 | Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 50 | 2 |
6 | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 857 | 4 |