Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 116 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 24 сәуірде № 4994 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 03.04.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 198 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымында "Шаян" газетінде және 2018 жылғы 18 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н. Айтбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 сәуірдегі
№ 116 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қаратау жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

66

2

1

2

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "М. Ауезов жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

86

2

1

3

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С. Әбдіжаппаров жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

144

3

4

4

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "К. Сыпатаев жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

91

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады