Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шілдедегі № 228 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 4 тамызда № 4177 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 30 мамырдағы № 198 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 30.05.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылығы 11 қазандағы № 346 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3872 тіркелген, 2016 жылы 18 қарашада "Шаян" газетінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Айтбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
24 шілде 2017 жылғы № 228
қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ. Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

70

2

2

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Кеңсай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

58

2

3

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Майбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

78

2

4

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Бөген жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

88

2

5

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ. Байменов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

96

2

6

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

121

3

7

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

126

3

8

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

138

3

9

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян көпсалалы лицей - жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

150

3

10

Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

173

3

11

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

342

4

12

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық емханасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

531

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады