Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 18.08.2020 № 2780 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес анықталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 24.09.2018 № 3950 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;
3) мемелекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің итернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Өскемен қаласы әкімдігі қаулыларының күштері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 24.09.2018 № 3950 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е. А. Литвиноваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Қ. Тұмабаев |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 маусымдағы № 2404 қаулысына 1 қосымша |
Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 24.09.2018 № 3950 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р\с | Орналасу орындары |
---|---|
1 | Абай даңғылы (№ 1, 5, 15, 16 ғимараттары ауданында) |
2 | Абай даңғылы ("Автобекет" аялдама кешені ауданында, жұп жағы) |
3 | Абай даңғылы("Аурухана кешені" аялдама кешені ауданында, жұп жағы) |
4 | Достоевский көшесі – Абай даңғылының қиылысында ("Встреча" дәмханасы ауданында) |
5 | Тәуелсіздік (Независимость) даңғылы (№ 1, 4, 28, 42, 68, 70, 87/1 ғимараттары ауданында) |
6 | Виноградов–Грузинский көшелерінің қиылысында |
7 | Ворошилов – Белинский көшелерінің қиылысында |
8 | Қазақстан көшесі (№ 99 ғимараты ауданында) |
9 | Ворошилов көшесі – Абай даңғылы қиылысында |
10 | Пермитин – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында |
11 | Қабанбай батыр атындағы көшесі ("Базар" автобус аялдамасы ауданында, тақ жағы) |
12 | Ворошилов көшесі (№ 156 ғимараты ауданында) |
13 | Бажов көшесі (№ 100, 331/2, 345, 499, 501/1 ғимараттары ауданында) |
14 | Орджоникидзе көшесі (№ 42, 50, 53-55 ғимараттары ауданында) |
15 | М. Горький көшесі (№ 76 ғимараты ауданында) |
16 | Мызы көшесі ("Өскемен вокзалы" соңғы трамвай аялдамасы ауданында) |
17 | Көкжал Барақ көшесі (№ 24 ғимараты ауданында) |
18 | Кожедуб көшесі (№ 52 ғимараты ауданында) |
19 | Киров – Орджоникидзе көшелерінің қиылысында |
20 | Комсомол көшесі (№ 37/1 ғимараты ауданында) |
21 | Михаэлис көшесі (№ 22 ғимараты ауданында) |
22 | Қазыбек би даңғылы (№ 34 ғимараты ауданында) |
23 | Машиностроителей көшесі (№ 2, 6 ғимараттары ауданында) |
24 | Новаторов көшесі (№ 5, 19 ғимараттары ауданында) |
25 | Островский көшесі (№ 4, 6 ғимараттары ауданында) |
26 | Әуезов даңғылы ("Орленок" автобус аялдамасы ауданында, жұп жағы) |
27 | Питерлік Коммунарлар көшесі (№ 15 ғимараты ауданында) |
28 | Октябрьский көшесі (№ 130А, 131 ғимараттары ауданында) |
29 | Буров көшесі (№ 5, 33 ғимараттары ауданында) |
30 | Мостовая көшесі (№ 1/1 ғимараты ауданында) |
31 | Беспалов көшесі (№ 51/1 ғимараты ауданында) |
32 | Согринская көшесі (№ 154, 162/1 ғимараттары ауданында) |
33 | Өтепов көшесі (№ 15 ғимараты ауданында) |
34 | Тимирязев көшесі (№ 181 ғимараты ауданында) |
35 | Тимофеев көшесі (№ 69 ғимараты ауданында) |
36 | Охотская көшесі (№ 34 ғимараты ауданында) |
37 | Гагарин желекжолы (№ 18/1 ғимараты ауданында) |
38 | Севостополь көшесі (№ 3, 18 ғимараттары ауданында) |
39 | Карбышев көшесі (№ 3, 52 ғимараттары ауданында) |
40 | Геологическая көшесі (№ 2 ғимараты ауданында) |
41 | Деповская көшесі (№ 171 ғимараты ауданында) |
42 | Шоссейный тұйық көшесі (№ 15 ғимараты ауданында) |
43 | Базовая көшесі (№ 1А ғимараты ауданында) |
44 | Меновной ауылы, Ярославская көшесі (№ 68 үй ауданында) |
45 | "Пристань" соңғы автобус аялдамасы ауданында |
46 | "Жаңа – Ахмер" соңғы автобус аялдамасы ауданында |
47 | Самсоновка ауылы жағына шығатын Самар тас жолы |
48 | Защита – 2 станциясы, Шмелев лог, Жаңа Согра, Станиславский көшесі, Меновной ауылының зираттары аудандарында |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 маусымдағы № 2404 қаулысына 2 қосымша |
Өскемен қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 24.09.2018 № 3950 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 25 мамырда № 5-1-145 тіркелді, 2010 жылы 4 маусымда "Дидар", 2010 жылы 8 маусымда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды);
2. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі№ 728 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" қаулысы (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2012 жылы 17 мамырда № 5-1-188 тіркелді, 2012 жылы 31 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланды);
3. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 13965 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 4289 болып тіркелді, 2016 жылы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланды);
4. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 710 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерту енгізу туралы" қаулысы (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 18 шілдеде № 4604 болып тіркелді, 2016 жылы 22 шілдеде "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ, 2016 жылы 01 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылы 21 шілдеде "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланды);
5. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 3123 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 29 тамызда № 5182 болып тіркелді, 2017 жылы 07 қыркүйекте "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ, 2017 жылы 14 қыркүйекте "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды).