Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 2780 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 тамызда № 7462 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 9-тармағына және 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 маусымдағы № 2404 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-189 тіркелген, 2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 5 шілдеде "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған);

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 3950 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 05 маусымдағы № 2404 "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-201 тіркелген, 2018 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 3 қарашада "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. "Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады