Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 05.06.2018 № 2404 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 6857 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-145 тіркелген, 2010 жылдың 4 маусымында "Дидар" газетінде, 2010 жылдың 8 маусымында "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |