Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 21.01.2021 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 790 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4816 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 13 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі | Б. Байахметов |
Аягөз ауданы әкімідігінің 2018 жылғы "2" тамызда № 591 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әкімдігінің 22.10.2019 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |