Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 59 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 8381 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № 687 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № 687 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектерге жұмыс орындарын белгілеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:

      1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайыз мөлшерін;

      2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайыз мөлшерін;

      3) 251 (екі жүз елу бір) адамнан астам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайыз мөлшерін құрайды.

      2. "Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Аягөз ауданының әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-177 тіркелген, 2018 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Аягөз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 470 "Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6261 тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінң орынбасары М. Мырзыкешовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі С. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады