Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 470 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 қарашада № 6261 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 21.01.2021 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы №591 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-177 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулыға қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мемлекеттік тілдегі қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Сулейменовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі Д. Оразбаев

  Аягөз ауданы әкімідігінің
2019 жылғы "22" қазандағы
№ 470 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады