Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 790 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 4816 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 тамыздағы № 5691 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 02.08.2018 № 591 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ш.Жоргекбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аягөз ауданының әкімі Б. Байахметов

  Аягөз ауданы әкімідігінің
2016 жылғы 5 желтоқсан
790 қаулысына
қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүзден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елуден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады