РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46- бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Аягөз аудандық мәслихат хатшысы |
С. Искаков |
Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/ 149-VI шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылған Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-149 нөмерімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылдың 18 қаңтарында жарияланған);
2) "Тіркелген салық ставкалары туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-152 нөмерімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылдың 25 қаңтарында жарияланған);
3) "Тіркелген салық ставкалары туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 15/101-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2982 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2013 жылдың 13 шілдесінде жарияланған);
4) "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/178-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3386 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 маусымында, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2014 жылдың 5 шілдесінде жарияланған).