Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01-02/37-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 қаңтарда N 5-6-152 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/149-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/149-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз ауданы аумағында айына салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салықтың ставкалар мөлшерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы № 01-02/32-16 "2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы" (2011 жылы 22 сәуірде нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-6-133 тiркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетiнiң 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 36 (10013) жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Шакиров

Мәслихат хатшысы

М. Темеков


  Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01-02/37-8 шешімімен
бекітілген

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2013 N 15/101-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Салық салу объектiлерi

Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш бойынша)

1

Ойынды бiр ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Ойынды бiрнеше ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойынды жүргiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы (боулинг, кегельбан)

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелi

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады