Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01-02/37-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда N 5-6-149 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/149-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/149-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 28.05.2014 № 25/178-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай базалық ставкалардың мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес көбейтілсін.

      3. Аягөз қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Аягөз қаласы айқындалсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сеcсия төрағасы

А. Шакиров

Мәслихат хатшысы

М. Темеков


  Қосымша 1
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01-02/37-7 шешімімен
бекітілген

Аягөз ауданы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың
(паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаты

1

Жер үстiндегi жабық түрлi автотұрақтар, ашық түрлi автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың iшiне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстiндегi төменгi немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Қосымша 2
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 01-02/37-7 шешімімен
бекітілген

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлiнген жерлерге салынатын салық
ставкасын автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарына қарай
көбейту туралы

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Салық ставкасын көбейту мөлшерi

1

1-санат

10 есе

2

2-санат

8 есе

3

3-санат

6 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады