Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы N 25/178-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда N 3386 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/149-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/149-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-149 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылы 18 қаңтарда № 8 жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы".

      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 24/168-V "Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Д.Жакенбаев

Аягөз аудандық


мәслихатының хатшысы

Т.Бозтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады