Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 01.06.2020 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымша бойынша Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 56 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5522 нөмірмен тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкі нормативтік құқықтық актілерге енгізу үшін Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін ресми жариялау үшін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай аудан әкімінің орынбасарына Б.Ж.Баталовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі | Д. Батырбаев |
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсан № 337 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Ұйым атауы | Тәрбиеленушілер саны, адам | Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге | Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге | |||
Барлығы | соның ішінде: | соның ішінде: | |||||
толық күн | жарты күн | толық күн | жарты күн | ||||
1 | "Борас орта мектебі-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 90 | 90 | - | 15028 | - | 3 жасқа дейін-7500 3-6 жас аралығында -7500 |
2 | "Айналайын" бөбек бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 90 | 90 | - | 31463 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
3 | "Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 11066 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
4 | "Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 13446 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
5 | "Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 13796 | - | 3 жасқа дейін -75003-5 жас аралығында -7500 |
6 | "Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 13853 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
7 | "Н. Баймұратов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 12323 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
8 | "Семеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 8960 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
9 | "Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 14326 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
10 | "Малая-Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 10903 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
11 | "Қоянбай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 25 | 25 | - | 14394 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
12 | "Борас орта мектебі-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы | 45 | 45 | - | 16231 | - | 3 жасқа дейін-7500 3-6 жас аралығында -7500 |
13 | "Ер-Али" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 | 20 | - | 31182 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |
14 | "Алтынай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 | 20 | - | 31182 | - | 3 жасқа дейін -7500 3-5 жас аралығында -7500 |