Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 56 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 5522 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 26.12.2018 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 – қосымшаларына  сәйкес, Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Бесқарағай ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы және ата-ана төлемақысының мөлшерлерін бекіту туралы" Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 373 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5290 нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкі нормативтік құқықтық актілерге енгізу үшін Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін ресми жариялау үшін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Тастенбековаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Бесқарағай ауданының әкімі Д. Батырбаев

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2018 жылғы "19" ақпандағы
56 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары Мемлекеттік білім беру тапсырысы,
орындар саны

1

Балабақшалар, бөбекжайлар

285

2

Шағын орталықтар

225

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2018 жылғы "19" ақпандағы
56 қаулысына 2 қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге) Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)

1

Балабақшалар

340,9

340,9

2

Мектеп жанындағы кіші орталықтар

340,9

340,9


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады