Бесқарағай ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 156 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 7157 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46- бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымша бойынша Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 337 "Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-7-151 нөмірмен тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін ресми жариялау үшін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Ш. Байбеков

  Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 1 маусымы
№ 156 қаулысына қосымша

Бесқарағай ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    №

Ұйым атауы

Тәрбиеленушілер саны, адам

Айына бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Барлығы

соның ішінде:

соның ішінде:

толық күн

жарты күн

толық күн

жарты күн

1

"Борас орта мектебі-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

135

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

2

"Айналайын" бөбекжай бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

90

90

-

35546

-

1 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

3

"Канонерка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

3 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

4

"Беген орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

40

40

-

32653

-

1 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

5

"Глуховка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

6

"Сосновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

7

"Нурлыбек Баймұратов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

8

"Семеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

9

"Өндіріс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

3 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

10

"Малая-Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

2 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

11

"Қоянбай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталығы

25

25

-

32653

-

1 жастан 5 жасқа дейін – 8500 теңге

12

"Ер-Али" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20

20

-

МЖК аясында облыстық бюджет есебінен қаржыландыру

-

1 жас 5 айынан 5 жасқа дейін –8500 теңге

13

"Алтынай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

24

24

-

МЖК аясында облыстық бюджет есебінен қаржыландыру

-

1 жас 5 айынан 5 жасқа дейін –8500 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады