Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 28.11.2019 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 09 қарашадағы № 637 ұсынысы негiзiнде, Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Қарғыба елді мекеніне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құмкөл ауылдық округінің әкімі | Т. Көнекбаев |