РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Лонский |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Боровикова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 26/9-VI шешіміне қосымша |
Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-147 болып тіркелген, "ЛЗ-Сегодня" газетінде 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 16 жарияланған).
2. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/8-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-161 болып тіркелген, "ЛЗ-Сегодня" газетінде 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 2 жарияланған).
3. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3224 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 сәуірде, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 17 жарияланған).
4. "Шемонаиха ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 9/4-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 5 қаңтарда, "Мой город Шемонаиха" газетінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 2 жарияланған).