Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 05.07.2018 № 26/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 381, 386-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-147 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2011 жылы 21 сәуірде № 16 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтардың (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Айтмұхамед |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |