Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы N 35/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде N 5-19-147 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 26/9-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 05.07.2018 № 26/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/9-V (алғаш ресми жарияланғаннан күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 381, 386-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтардың (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.12.21 № 41/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Шемонаиха қаласына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Шемонаиха қаласы айқындалсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Руденко



Шемонаиха аудандық


мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов


  Шемонаиха аудандық мәслихатының
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 35/5-ІV шешiмiне
1-қосымша

Шемонаиха ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санатын
белгілеу туралы

Рет

Автотұрақтардың түрлері

Санаты

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішіне салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Шемонаиха аудандық мәслихатының
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 35/5-ІV шешiмiне
2-қосымша

Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салық ставкаларының
санатына қарай мөлшері

Рет

Автотұрақтардың санаты

ҚР Салық кодексімен белгіленген базалық ставкалар

Ставкалары

Шемонаиха қ.

кенттер

ауылдар

1

1 санаты

7,24

0,96

0,48

10 есе

2

2 санаты

7,24

0,96

0,48

9 есе

3

3 санаты

7,24

0,96

0,48

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады