Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 05.07.2018 № 26/9-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және 444-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Григорьева |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |