"Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 наурызда № 18411 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт):

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт - 15 (он бес) минут.";

      Стандартқа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Стандартқа 3-қосымшасына осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
9-қосымша

"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларына, сондай-ақ энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйымдардың сарапшыларына көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Осы стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру), көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталдың - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қызметкерді қабылдау немесе басқа қызметке ауысу туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтінішті қабылдаудың растамасы болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген);

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері не портал арқылы қабылданады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдау растамасы болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға (олардың сенімхат бойынша өкілдеріне) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: "Министрліктер үйі" ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістер арасында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке кіретін есікпен жабдықталған.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің - www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, сондай-ақ осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-27, 8 (7172) 74-02-38. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

      № _______                                     Күні: 20 __жылғы "___" _________

Өтініш

      Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______

      (рұқсат тобын көрсету)

      рұқсат тобын _____________

      үшін (беру, жоғарылату немесе растау)

      электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне _____________ біліктілік тексеруден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.(бастапқы, кезекті, кезектен тыс)

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: Лауазымға қызметкерді қабылдау немесе басқа қызметке ауысу туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) 20 ___ жылғы "___" ________

      № ___ электрондық көшірмесі.

  Қолы _____________
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
2-қосымша
  "Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа
әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  (кімге)
_________________________
(органның атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

      туралы анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы:____________________________________________

      Телефон нөмірлері _______________________________________________

      E-maіl __________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.___________________________ парақта, беттің реттік №

      2.___________________________ парақта, беттің реттік №

      3.___________________________ парақта, беттің реттік №

      4.___________________________ парақта, беттің реттік №

      5.___________________________ парақта, беттің реттік №

      6.___________________________ парақта, беттің реттік №

      Ұйымның басшысы _______________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "__" ________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
3-қосымша
  "Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың ________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі

      __________________________________ ___________________________

                        Акт жасалған жер                         (күні)

      ____________________________________

                        (ұйым атауы)

      _______ №___ бұйрығымен тағайындалған комиссия

      _________________________________________________________________

      энергия өндіруші және энергия беруші

      _________________________________________________________________

      ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін

      _________________________________________________________________

      шарттардың орындалғаны/орындалмағаны көрсетіледі

      Тұжырым:______________________________________________________

      (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір/ әзір емес)

Комиссия төрағасы:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(ұйым басшысының қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы және мемлекеттік органның мөрі)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


__________
__________
__________
(лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
4-қосымша
  "Энергия өндіруші және
энергия беруші ұйымдарға
күзгі-қысқы кезеңдегі
жұмысқа әзірлік паспортын
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелді) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер кестесін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті жабдық құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес, белгіленген қоймада талаптарға сәйкес негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

      6) жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі әзірлік актісі;

      7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      8) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) және күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап тексеру жүргізу туралы актісі;

      2. Энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, электр желілерінің жабдығына келетін көлемде және мерзімдерде сынақтар жүргізу туралы акті;

      4) релелік қорғау және автоматика, апатқа қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) кестелерінің көшірмелері;

      6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, кестелер мен кезеңділікке сәйкес техникалық куәландырудан өткен жабдық, электр қондырғыларының, әуе желілердің, кәбілді желілердің, релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына техникалық куәландыруды жүргізуі тізбесі;

      7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы актісі;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

      3) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісі;

      4) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының әзірлік актісі;

      5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;

      6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін жылу желілері мен жылу көздерінің сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері жұмысының температура кестелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области электроэнергетики"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 февраля 2019 года № 55. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 марта 2019 года № 18411. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 143.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 15.04.2020 № 143 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области элетроэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11130, опубликован 24 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в пункте 1:

      подпункт 6) исключить;

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) стандарт государственной услуги "Квалификационная проверка знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок" согласно приложению 9 к настоящему приказу.";

      стандарт государственной услуги "Квалификационная проверка знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу и распределение электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электро- и энергоустановок", утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      в стандарте государственной услуги "Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период" (далее – Стандарт), утвержденном указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Срок оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов услугодателю, а также при обращении на портал – в течение 20 (двадцати) календарных дней.

      В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов, предусмотренных в пункте 9 настоящего стандарта, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает в приеме заявления;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем – 15 (пятнадцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 15 (пятнадцать) минут.";

      приложения 1, 2 к Стандарту изложить в новой редакции согласно приложениям 2, 3 к настоящему приказу;

      в приложение 3 Стандарту вносится изменение на казахском языке согласно приложению 4 к настоящему приказу, текст на русском языке не меняется.

      2. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 18 февраля 2019 года № 55
  Приложение 9 к приказу
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 14 апреля 2015 года № 281

Стандарт государственной услуги "Квалификационная проверка знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Квалификационная проверка знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги (далее - стандарт) разработан Министерством энергетики Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается Комитетом атомного и энергетического надзора и контроля Министерства (далее – услугодатель) для руководителей организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, а также для специалистов экспертных организаций по осуществлению энергетической экспертизы.

      Прием заявления и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – портал).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Срок оказания государственной услуги с момента сдачи пакета документов на портал – не позднее 10 (десяти) рабочих дней.

      Услугодатель в течение двух рабочих дней с момента получения документов услугополучателя проверяет полноту представленных документов.

      В случае установления факта неполноты представленных документов, предусмотренных в пункте 9 настоящего стандарта, услугодатель в указанные сроки дает мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления.

      5. Форма оказания государственной услуги: электронная.

      6. Результат оказания государственной услуги – протокол (результат прохождения квалификационной проверки знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности в области электроэнергетики и присвоение группы допуска по электробезопасности), удовлетворенное заявление на отзыв услугополучателя либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящего стандарта государственной услуги.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная.

      7. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим лицам (далее - услугополучатель).

      8. График работы:

      1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9-00 до 18-30 часов, с перерывом на обед с 13-00 до 14-30 часов, кроме выходных и праздничных дней в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      2) портала – круглосуточно, за исключением перерывов, связанных с проведением технических работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги:

      1) заявление в форме электронного документа в соответствии с приложением к настоящему стандарту государственной услуги, удостоверенное электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя;

      2) электронная копия распорядительного документа (приказа) о приеме или переводе услугополучателя на должность.

      Сведения документов, удостоверяющих личность, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      На портале прием электронного запроса осуществляется в "личном кабинете" услугополучателя. Документы представляются в виде электронных копий документов, удостоверенных ЭЦП услугополучателя.

      При подаче услугополучателем документов, указанных в пункте 9 настоящего стандарта, подтверждением принятия заявления через портал является статус о принятии запроса, который отображается в "личном кабинете" услугополучателя.

      10. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям Правил проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 210 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11026);

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги.

      В случае устранения услугополучателем причин отказа в оказании государственной услуги, услугополучатель обращается повторно для получения государственной услуги в порядке, установленном настоящим стандартом государственной услуги.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центральных государственных органов, а также услугодателей и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг

      11. В случае обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц подается жалоба на имя руководителя услугодателя, либо на имя руководителя Министерства по адресам, указанным в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалобы принимаются в письменной форме по почте или нарочно через канцелярию услугодателя или Министерства в рабочие дни, либо посредством портала.

      Жалоба подписывается услугополучателем, в которой указывается его фамилия, имя, отчество (при его наличии), почтовый адрес, контактный телефон.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя или Министерства, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя или Министерства, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю посредством почтовой связи или портала, либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя или Министерства.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, рассматривается в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      12. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

      13. Особенности оказания государственной услуги услугополучателям (их представителям по доверенности) с ограниченными возможностями при их обращении к услугодателю: здание "Дом министерств" оборудовано отдельным входом для людей с ограниченными возможностями, расположенным между четырнадцатым и пятнадцатым подъездами.

      14. Адреса мест оказания государственной услуги размещены:

      1) на интернет-ресурсе Министерства – www.energo.gov.kz, раздел "Государственные услуги";

      2) на интернет-ресурсе услугодателя – www.kaenk.energo.gov.kz, раздел "Государственные услуги".

      15. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.

      16. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, по контактным телефонам услугодателя, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг, указанных в пункте 17 настоящего стандарта.

      17. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги: 8 (7172) 74 12 27, 8 (7172) 74 02 38. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение
к стандарту государственной услуги
"Квалификационная проверка
знаний правил технической
эксплуатации и правил техники
безопасности у руководителей,
специалистов организаций,
осуществляющих производство,
передачу электрической и
тепловой энергии, для контроля
технического состояния и
безопасности эксплуатации
электроустановок"
  Форма
  ____________________________
(наименование государственного органа)
от _________________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии)

№ ______

Дата: "___" _____ 20__ года

                                    Заявление

      Прошу Вас допустить меня к _____________ квалификационной проверке знаний
правил технической (первичной, очередной или внеочередной)эксплуатации и правил техники
безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство,
передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и
безопасности эксплуатации электроустановок для __________________________ ___________
группы по (присвоения, повышения или подтверждения) (указать группу
допуска)электробезопасности.
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Приложение: Копия распорядительного документа (приказа) о приеме или переводе на
должность № _______ от "___" _________ 20___ года

  Подпись______________
  Приложение 2 к приказу
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 18 февраля 2019 года № 55
  Приложение 1
к стандарту государственной услуги
"Выдача паспорта готовности
энергопроизводящим и
энергопередающим организациям
к работе в осенне-зимний период
  Форма
  (кому)______________________
(наименование органа)
от _________________________
(наименование юридического лица)

            Заявление на получение паспорта готовности энергопроизводящих и
            энергопередающих организаций к работе в осенне-зимний период

  ____________________________
____________________________
(наименование юридического лица)
____________________________
____________________________
(бизнес-идентификационный
номер, номер и дата справки
о государственной регистрации
(перерегистрации) юридического лица)

      Местонахождение юридического лица и его энергообъекта
Почтовый адрес _______________________________________________
Номера телефонов: ____________________________________________
E-mail: _______________________________________________________
Факс: ________________________________________________________
Прилагаемый перечень документов: 1. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
2. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
3. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
4. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
5. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
6. ___________________________ на __ листах, порядковый № страницы
Руководитель организации
________________________________________________________________
(должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
"____" _____________ 20___ года

  Приложение 3 к приказу
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 18 февраля 2019 года № 55
  Приложение 2
к стандарту государственной
услуги "Выдача паспорта
готовности энергопроизводящим и
энергопередающим организациям
к работе в осенне-зимний
  период"
  Форма

Акт готовности энергопроизводящих и энергопередающих организаций к работе в осенне-зимний период ______ годов

_________________________________
(место составления акта)

___________________
(дата)

      Комиссия, назначенная приказом ____________________________________________
                                                (наименование организации)
от _________________ № ________ ________________________________________________
                        (указывается выполнение/невыполнение условий для получения
_______________________________________________________________________________
паспорта готовности энергопроизводящих и энергопередающих
_______________________________________________________________________________
организаций к работе в осенне-зимний период)
Вывод:_________________________________________________________________________
                  (организация готова/не готова к работе в осенне-зимний период)

Председатель комиссии:

___________
___________
___________
(должность)

_____________________
(подпись руководителя организации)

____________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии))

Заместитель Председателя комиссии:

___________
___________
___________
(должность)

______________________
(подпись и печать государственного органа)

____________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии))

Члены комиссии:

___________
___________
___________
(должность)

______________________
(подпись)

____________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии))


___________
___________
___________
(должность)

_______________________
(подпись)

____________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии))


___________
___________
___________
(должность)

_____________________
(подпись)

_____________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии))