Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20409 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 69) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 40) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 143 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

      2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;

      4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі

      3. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.

      4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.

      5. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспортын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.

      6. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жергілікті атқару органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), www.egov.kz, www.elіcense.kz е-лицензиялау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырылады.

      30 қыркүйектен кейін келіп түскен құжаттар құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қаралмастан қайтарылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі);

      әзірлік актісіне осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі қоса беріледі (бұдан әрі – құжаттар тізімі);

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      2) порталға:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;

      әзірлік актісі;

      әзірлік актісіне құжаттар тізімі қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілген кезде нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Жыл сайын 1 тамыздан бастап әзірлік актісін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрылып, жұмыс істей бастайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына көрсетілетін қызметті алушының басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.

      Қуаты 100 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына көрсетілетін қызметті алушының басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары кіреді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия төрағасы болып көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.

      13. Жұмыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.

      14. Егер отырыста көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын еместігі жағдайында көрсетілетін қызметті алушының басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті алушының комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.

      16. Әзірлік актісі барлық қосымшаларымен бірге екі данада жасалады, оның бір данасы көрсетілетін қызметті алушыда сақталады, ал екінші данасы құжаттарға қоса беріледі.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Толық құжаттар топтамасы ұсынылған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.

      Көшірмесінде құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген күні мен уақыты көрсетілген белгісі бар қағаз жеткізгіштегі өтініш құжаттардың толық топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Құжаттар портал арқылы келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Жауапты орындаушы күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне және осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруге бас тарту үшін негіздердің бар болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды жасайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.

      Жауаты орындаушының қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде келіседі және осы қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізеледі.

      18. Осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрылады, бұл комиссия 15 тамыздан бастап 13 қарашаны қоса алғанда жұмыс істейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.

      19. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.

      Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      21. Жергілікті атқарушы орган құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі құратын көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.

      22. Егер көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысында көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      23. Қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) әзірлік паспорты берілсін;

      2) әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) әзірлік паспорты берілмесін.

      24. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспорты электрондық/қағаз түрінде беріледі.

      Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.

      26. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.

      Ескертулер оларды келесі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.

      Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      27. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарау қорытындысы бойынша жауапты орындаушы күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде әзірлік паспортының жобасын, ескертулері бар әзірлік паспортын немесе әзірлік паспортын беруден дәлелді бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде дайындық паспортын берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды. Әзірлік паспортын беруден бас тарту жағдайында қағаз жеткізгіште дәлелді бас тарту береді.

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы әзірлік паспортты беруден бас тарту шешімін қабылдау үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      29. Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысы хаттамасына қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      30. Белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған көрсетілетін қызметті алушы күзгі-қысқы кезеңде жұмысты жалғастырады.

      31. Көрсетілетін қызметті алушы үшін әзірлік паспортын алу мерзімі – жыл сайын 19 қазанды қоса алғанда, жүйелік оператор үшін – жыл сайын 13 қарашаны қоса алғанда.

      32. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      33. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      34. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

      №_________________                         _______________________ қаласы

      "____" ____________20___ жыл                   (паспорт жасалған жер)

      (паспорттың нөмірі және берілген күні)

      Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.

                                    (ұйымның заңды атауы)

      ____________________                   ______________________________

      (басшының лауазымы)                   (басшының тегі, аты, әкесінің аты

                                                (бар болған жағдайда))

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________________________________

      (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жылдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

      №_________________                         _______________________ қаласы

      "____" _____________ 20___ жыл                         (паспорт жасалған жер)

      (паспорттың нөмірі және берілген күні)

      Осы паспорт _______________________________________________________ берілді.

                              (ұйымның заңды атауы)

      _________________________             _________________________________

      (басшының лауазымы)                  (басшының тегі, аты, әкесінің аты

                                                      (бар болған жағдайда))

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
3-қосымша

"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

күнтізбелік 20 (жиырма) күн.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, "электрондық үкімет" веб-порталының жұмыс графигі

Жұмыс графигі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісіне Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі қоса беріледі (бұдан әрі – құжаттар тізімі); станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы;
2) порталға:
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісіне құжаттар тізімі қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілген кезде нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы басшысының қолымен куәландырылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтау..

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында: beta.egov.kz/memleket/entіtіes/energo "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар;
4) мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары beta.egov.kz/memleket/entіtіes/energo интернет-ресурста "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  __________________
(органның атауы)
_______________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш

      _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________

      (Бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:

      Пошталық мекенжайы:_____________________________________

      Телефон нөмірлері: ________________________________________

      E-maіl: __________________________________________________

      Факс:____________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      2. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      3. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      4. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      5. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      6. ______________________________ __ парақта, беттің реттік №

      Ұйымның басшысы_________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

                              (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ жылғы "___" ______________

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі

      ________________________ _______________________

      (акт жасалған жер)                   (күні)

      _______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _______________________ № ____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.

      _______________________________________________________________________

      (энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны, орындалмағаны көрсетіледі)

      Тұжырым: ______________________________________________________________

                        (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір - әзір емес)

Комиссия
төрағасы:

__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(ұйым басшысының қолы)

__________________
(тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Комиссия
төрағасының
орынбасары:

__________
__________
__________
(лауазымы)

____________________
(мемлекеттік органның
қолы және мөрі)

__________________
(тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Комиссия
мүшелері:

__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________
__________
__________
(лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))


__________ __________ __________ (лауазымы)

___________________
(қолы)

__________________
(тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
6-қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі

      1. Энергия өндіруші ұйымдар үшін (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда):

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

      6) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      8) күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.

      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:

      1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларын алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;

      3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      4) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      5) гидроқұрылыстарға (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап- тексеру жүргізу туралы акт.

      3. Энергия беруші ұйымдар үшін:

      1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;

      4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, бар болған жағдайда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;

      6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кабельді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;

      7) аварияға қарсы, өртке қарсы өткізілген жаттығулар туралы актілер (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      4. Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдауды және таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес келетін көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

      3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      5) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі акті.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 143 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 210 бұйрығымен
бекітілген

Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 40) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) басшылар – электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда бірінші басшының (басқарма төрағасы, бас директор, директор), оның техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарының (егер электр және жылу энергиясын өндіру, беру ұйымның негізгі қызмет түрі болып табылмаса – энергетикалық бөлім басшысының және оның орынбасарының лауазымын атқаратын адамдар); ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) жауапты басшысы болмаған жағдайда ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты адамы осы Қағидаларға сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтеді;

      2) білімді біліктілік тексеру – электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын алу, арттыру немесе растау үшін энергетикалық ұйым персоналының өз құзыретіне жататын электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру;

      3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;

      4) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;

      5) электр техникалық емес персонал – "электр техникалық", "электр технологиялық" персонал анықтамасына жатпайтын персонал;

      6) электр технологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары) білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері.

      3. Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес беріледі.

      4. Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобын беру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарын кәсіби дайындау деңгейі сәйкестігін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.

      5. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:

      1) бастапқы тексеруге;

      2) мерзімді (кезекті) тексеруге;

      3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.

      6. Білімді бастапқы біліктілік тексеру үшін тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе ауысу туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) негіз болып табылады.

      Білімді бастапқы біліктілік тексеру тиісті лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде немесе ұйымның техникалық басшысы бекіткен даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      7. Білімді мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде айқындалады және әрбір жұмыс орны мен білімді соңғы біліктілік тексеру күнін ескере отырып, ұйым басшысының тиісті өкімдік құжатымен (бұйрығымен) ресімделеді.

      8. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларға сәйкес білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (бірінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген график жүзінде қоса беріледі.

      9. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру мерзімі:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары үшін – үш жылда кемінде бір рет.

      2) электр техникалық және электр технологиялық персонал үшін, соның ішінде әкімшілік-техникалық персоналды қоспағанда, жедел келіссөздер мен ауыстырулар жүргізуге құқығы бар басшылар мен мамандар үшін – жылына кемінде бір рет.

      10. Қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін ұйымның техникалық басшысы олар аяқталған сәттен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге құжаттық растау кезінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқу) ұзартуы мүмкін.

      11. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) нәтижесі бойынша комиссия персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға әкеп соққан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған технологиялық бұзушылықты тексеру актісін жасау;

      2) ұйымның техникалық басшысының шешімі;

      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлім) қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы нұсқаулар оның шарттары болып табылады.

      12. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге мыналар:

      1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерін қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) нәтижесінде тергеп-тексеру жөніндегі комиссиясының жазатайым оқиғаға алып келген персонал тарапынан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;

      3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беруді енгізу, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      7) электр энергетикасы саласындағы сараптама, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы жатады.

      13. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижелері бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтау;

      2) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындау кезінде комиссияның бөгде ұйымдардың қызметкерлері, оның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан электр энергететикалық қондырғыларда жұмыстар кезінде қауіпсіздік нормаларының жол берілген бұзушылықтарды анықтау негіз болып табылады.

      14. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін:

      1) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерді орындамау;

      2) егер бұл ұйым қызметкерінің қызметіндегі өзгерістерге әкеп соқса, жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту;

      3) ұйымның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шараларды қабылдау нәтижесі;

      4) нәтижесінде еңбекке жарамдылықты уақытша немесе тұрақты жоғалту, кәсіби ауру не өлім, жеке тұлғалар (персонал) үшін жарақат, кәсіби ауру, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануға әкеп соғатын электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу;

      5) осы Қағидалардың 10 және 15-тармақтарында көзделген жағдайлар жатады.

      15. Осы Қағидалардың 12-14-тармақтарында көрсетілген білімді кезектен тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер толық және жан-жақты болып табылады.

      16. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру білімді мерзімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді.

      17. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеру тағайындалған сәттен біліктілікті растау күніне дейінгі кезеңде адам электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

      18. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізген және біліктілік расталмаған жағдайда, адам басқа лауазымға ауысу арқылы электр техникалық емес персоналға теңестіріледі.

2-тарау. Басшылардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі

      19. Басшылардың біліміне біліктілік тексеруді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      20. Жыл сайын, 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде ұйымдар мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге келесі күнтізбелік жылға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін жібереді.

      Басшыны жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде тиісті ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге қабылданған (шығарылған) күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      21. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін жеке тұлға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша білімді біліктілік тексеру мерзімінің аяқталу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өтініш пен лауазымына тағайындау туралы бұйрығының электронды көшірмесін жолдайды.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сұрау салуы туралы мәртебе болып табылады.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен күні тіркеу номері мен күнін бере отырып құжаттарды қабылдайды және тіркейді және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, ол құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарламаны, немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген);

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды кері қайтарып алған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оған осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Білімді біліктілік тексеру көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Тестілеу көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізіледі. Білімді біліктілік тексеруден өтуі қажет шетелдік тұлғалар (резидент еместер) оны осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде өтеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі.

      Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір қосымша ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиетті), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды.

      Тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.

      Білімді біліктілік тексеру тестілеу нысанында жүргізіледі.

      Тестілеу уақыты екі сағатты құрайды.

      Тест сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды.

      Білімді біліктілік тексеруге жататын адамның біліктілігін растаған тестілеу нәтижесін мойындауға негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тестілерде қамтылған сұрақтар санының 70 пайызын құрайды.

      Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден тең немесе жоғары болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға монитордағы компьютерлік бағдарлама тестілеудің оң нәтижесі туралы "тестілеуден өтті" деген хабарлама береді.

      Егер дұрыс жауаптардың саны шекті деңгейден төмен болса, онда компьютерлік бағдарлама мониторда тестілеудің теріс нәтижесі туралы "тестілеуден өтпеді" деген хабарлама береді.

      Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол өткен күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аппеляцияға өтініш беру жолымен олардың нәтижесіне шағымдануға құқылы.

      Апелляцияға өтінішті қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен басшылардың білімін біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) құрамы мен ережесі бекітіледі.

      Өтініштерді қарауды апелляциялық комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Өтінішті қарау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) екі данада ресімдейді.

      Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге Апелляциялық комиссия отырысы сәтінен 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Хаттаманың екінші данасы және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі мемлекеттік органда сақталады.

      Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша біліміне біліктілік тексеруден өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      23. Білімге бастапқы немесе кезекті біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушы атқаратын лауазымы шегінде өз біліктілігін растамаған болып есептеледі. Бұл жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес қайта өтініш беру арқылы білімге кезектен тыс біліктілік тексеруден өтеді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

      Осы Қағидаларда белгіленген басшының біліміне біліктілік тексеру жүргізу мерзімінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) келмей қалған жағдайда, пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны жіберу және ұйым тарапынан кейінгі құжаттық растау кезінде білімге біліктілік тексеру жүргізудің көрсетілген мерзімі мерзімінде келмей қалу себебі болып табылған жағдай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны ұйым Комитетке білімге біліктілік тексеру жүргізудің өтіп кеткен күнінен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      24. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен кезде ұйымның бірінші басшысының шешімі бойынша басшыға білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.

      Бірінші басшыға қатысты білімді кезектен тыс біліктілік тексеру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысымен немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесімен белгіленеді.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      27. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      28. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      29. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

4-тарау. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі

      30. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді жыл сайын энергетикалық ұйым басшысының бұйрығымен білімге біліктілік тексеру жүргізу үшін құрылатын комиссия жүзеге асырады.

      31. Жыл сайын, желтоқсанның 25-не дейінгі мерзімде, ұйымдар келесі күнтізбелік жылға білімі біліктілік тексеруге жататын мамандардың тізімін жасайды.

      Маманды жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде жоғары аталған тізімге тиісті өзгерістер енгізіледі.

      32. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді ұйымдастыруға жауапты адам осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес білімге біліктілік тексеру жүргізу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей маманға білімді біліктілік тексеруден өткені туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      33. Әрбір маманның білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып тестілеу түрінде немесе жазбаша түрде жеке өткізіледі.

      34. Білімді біліктілік тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру хаттамасы ресімделеді.

      35. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдері, ол аяқталған сәтінен бастап, бірақ құжаттық растау кезінде дәлелді себептер бойынша (ауру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) ұйым басшысымен бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      36. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам мерзім ішінде ұйым басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.

      37. Білімге бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту бойынша мерзімдерді дәлелді себептерсіз бұзған, сондай-ақ өз біліктілігін растамаған мамандардың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы бір бірлікке төмендетіледі және өтіп кеткен мерзімнен немесе электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын растамаған (берген) күннен кейінгі күнтізбелік 30 күннің ішінде білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні

Лауазымы

Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № және күні

Рұқсат тобы






















      Ұйым басшысының қолы ______________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________

      Күні 20__жылғы "___" __________

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Қабылдау (шығару) туралы бұйрықтың № және күні

Лауазымы

Рұқсат тобы



















      Ұйым басшысының қолы ______________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________

      Күні 20__жылғы "___" __________

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

      № _______                                     Күні: 20____жылғы "___" ________

Өтініш

      Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _______________ рұқсат тобын

                                          (рұқсат тобын көрсету)

      _________________ үшін электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және

      (алу, арттыру немесе растау)

      оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне __________________ біліктілік тексеруден

                                    (бастапқы, кезекті, кезектен тыс)

      өтуіме рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: Лауазымға тағайындау немесе ауыстыру туралы 20___жылғы "___" ________ № ___ өкімдік құжаттың (бұйрықтың) көшірмесі.

  Қолы _____________
  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Техникалық пайдалану қағидаларын және электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі, көрсетілетін қызметті алушыны кері қайтарып алуға қанағаттандырылған өтініш (өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) порталдың – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушыны лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы өкімдік құжаттың (бұйрықтың) электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қайтадан жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары:
Министрліктің beta.egov.kz/memleket/entіtіes/energo интернет-ресурсында, "Қызметтер" бөлімінде;
көрсетілетін қызметті берушінің beta.egov.kz/memleket/entіtіes/kaenk интернет-ресурсында, "Қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімінің "Қызметтер" бөлімшесінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып, ______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]



  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

      _________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      қабылданған өтінішіне сәйкес білімді біліктілік тексеру тестілеу күні: _______

      тестілеу уақыты: __________________________________

      тестілеу мекенжайы: ________________________ бойынша өткізілетінін хабарлайды.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің автоматтандырылған тіркеу жүйесі электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден "электрондық үкімет" порталы арқылы өту үшін берді.

      Қолы ______________________

      20 __ жылғы "____" _______________

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама

      Сіздің 20___жылғы "___" ________ № ___ өтінішіңіздің негізінде Сіздің өтінішіңізді қарау тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз.

      Қол қоюшының лауазымы____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________

      20 __ жылғы "____" _______________

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт

  20 ___ жылғы "____" __________ ____ сағ. ______ мин.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет)

      өкілі: ____________________                   басшы ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)       тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жеке сәйкестедіру нөмірі ________________________

      Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының 27-тармағын бұзу фактісін анықтады. _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

                              (бұзудың қысқаша сипаты)

      Комитет өкілінің қолы: ________________________________

      Актімен таныстым: ___________________________________

                  (басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті жазба жасалады.

      ___________________________________________________________________

      (осы актіге қол қоюдан жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшының бас

      тарту фактісін растайтын өзге адамның (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Апелляцияға өтініш

      Техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге біліктілік тексеру нәтижелері бойынша менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:

Р/с

Тестілеу сұрағының нөмірі мен мазмұны

Апелляция себебі










      Өтініш берушінің қолы: _______________

      Өтініш берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

      Ескертпелер:

      "Апелляция себебі" бағанына, төменде аталған себептердің бірін көрсету қажет:

      1) сұрақ қате қойылған;

      2) жауап қате қойылған;

      3) дұрыс жауап жоқ;

      4) Бағдарлама қателігі (екі бірдей жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарлама ақауы);

      5) өзге себептер.

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы

      Нұр-Сұлтан қаласы № ___20____жылғы "___" ________

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің мына құрамдағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық комиссиясы:

      (комиссия құрамы)

      электр қауіпсіздігі бойынша "___"______________________________ үшін

                              (рұқсат тобын)       (беру, арттыру, растау)

      20__жылғы"___"__________ білімді ___________________________________

                        (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      біліктілік тексеруден өткен____________________________________________

                        (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      Жеке сәйкестендіру нөмірі лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық атауы) өтініші бойынша техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру нәтижелері бойынша материалдарды қарап, шешім қабылдады:

      апелляция ____________________.

      (қанағаттандырылсын/ қанағаттандырылмасын)

__________________қолы

________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

__________________ қолы

________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі

Тестілеу күні


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тест сұрақтарының саны


Шекті мәні


Дұрыс жауап саны


Нәтиже


      Тестілеу нәтижесі бойынша ________________________________ электр

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік

      техникасы қағидаларын білуіне __________________ біліктілік тексеруден

                        (бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс)

      өтті/өткен жоқ және электр қауіпсіздігі бойынша _________ рұқсаттама топ

                                          (рұқсаттама тобын көрсету)

      берілді/берілген жоқ.

      Қол қоюшының лауазымы____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________

      20 __ жылғы "____" _______________

  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Білімді біліктілік тексерудің № хаттамасы

      Білімге біліктілік тексеру жүргізу күні ________

      Комиссия (Орталық/құрылымдық бөлімше)

      керектісін сызыңыз

      _______________________________________

      (ұйым атауы)

      құрамында:

      Төраға: _____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Алатын жұмыс орнының және біліктілігінің көлемінде білімін тексеру жүргізді

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, мамандығы, дәрежесі, электр қауіпсіздігі бойынша тобы, соңғы тексеріс уақыты)

      Тексеру түрі: ________________________________________________________

      (бастапқы, мерзімді (кезекті), кезектен тыс, себептері)

      Комиссия қорытындысы:

      1. Электр қауіпсіздігі бойынша топ берілді – _______________________________

      2. Атқаратын лауазымына сәйкес/сәйкес емес – ____________________________

      3. Қайталама мерзімін белгілеу _____ – _____ ауысым

      4. Қайталама тексерудің мерзімі (білім нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда)

      ____________________ ________________________________________________

      Қосымша мәліметтер:__________________________________________________

      Қолдары:

      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері ___________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Комиссия қорытындысымен таныстым __________________________________

      (тексерілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 143 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелді).

      2. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11454 болып тіркелді).

      3. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 54 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14934 болып тіркелді).

      4. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15251 болып тіркелді).

      5. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15565 болып тіркелді).

      6. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16349 болып тіркелді).

      7. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 128 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16856 болып тіркелді).

      8. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18411 болып тіркелді).

      9. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 189 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18745 болып тіркелді).

      10. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 270 бұйрығы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19219 болып тіркелді).

      11. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 305 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19388 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады