РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Тургумбаев |
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
р/с № | Объектіні және қолдану саласын көрсете отырып өлшемдердің атауы | Өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
Өлшемдердің диапазоны | Шекті жол берілген қателік немесе дәлдік класы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Көлік құралдарының қозғалысын мобильдік жылдамдық өлшегішпен өлшеу (км/сағ) | 20-дан 250 км/сағ. дейін | ± 2 км/сағ | |
2 | Көлік құралдарының қозғалысын стационарлық жылдамдық өлшегішпен өлшеу (км/сағ) | 20-дан 250 км/сағ. дейін | ± 2 км/сағ | |
3 | Рульдік басқарудағы жиынтық люфті өлшеу | 0°-тан 30° дейін | ± 1° | |
4 | Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйір әйнектердің жарық өткізуін өлшеу | 0-ден 70% дейін | ± 2% | |
5 | Шиналар протекторы суретінің қалдық биіктігін өлшеу | 0-ден 150 мм. дейін. | ± 0,01мм | |
6 | Өңделген газдың құрамының концентрациясын өлшеу | - CO 0-ден 5% дейін көлемді бөлігі |
Абсолюттік ± 0,03 % | |
- CO2 0-ден 16% дейін көлемді бөлігі |
Абсолюттік ± 0,5 % | |||
- O2 0-ден 21% дейін көлемді бөлігі |
Абсолюттік ± 0,1 % | |||
- СН 0 млн-1 ден 2000% млн-1 дейін |
Абсолюттік ± 10 млн-1 |