Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 162 Бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы "Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 329 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 147-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36048 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 162 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өзгерістер тізбесі осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
_______А. Шаккалиев
      Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі _______Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 147-НҚ мен
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 25 сәуірдегі № 329
Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№162 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№237

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі

№ р/р

Объектіні және қолдану саласын көрсете отырып өлшемдердің атауы

Өлшеуге қойылатын метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшеу диапазоны

Шекті рұқсат етілген қателік немесе дәлдік класы


1

2

3

4

5

1

Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км/сағ) мобильді жылдамдық өлшегіштермен өлшеу

20-дан 250 км/сағ. дейін

± 2 км/сағ.

Бекіту:
- белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету.

2

Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км / сағ)стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу

20-дан 250 км/сағ. дейін

± 2 км/сағ.

3

Рульдік басқарудағы жиынтық ойынды өлшеу

0° - дан 30° - қа дейін

± 1°

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген)

4

Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік әйнектің жарық өткізгіштігін өлшеу

0% - дан 70% дейін

± 2%

5

Шина протекторы үлгісінің қалдық биіктігін өлшеу

0-ден 150 мм-ге дейін

± 0,01мм.

6

Пайдаланылған газдардағы компоненттердің концентрациясын өлшеу

- CO көлемдік үлестің 0-ден 5% - на дейін

Абсолютті ± 0,03%
Салыстырмалы ± 5 %

- CO2 көлемдік үлестің 0-ден 16% - на дейін

Абсолютті ± 0,5%
Салыстырмалы ± 5 %

- O2 көлемдік үлестің 0-ден 21% - на дейін

Абсолютті ± 0,1%
Салыстырмалы ± 5 %

- СН 0 млн-1-ден 2000% млн-1-ге дейін

Абсолютті± 10 млн-1
Салыстырмалы ± 5 %

7

Көлік құралдарының қозғалысының орташа жылдамдығын (км/сағ) стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу

-

Орташа жылдамдықты есептеу кезінде
± 2 км/сағ

Қозғалыстың орташа жылдамдығынан асып кетуді бекіту

8

Өтетін көлік құралының бақыланатын учаскесін өлшеу

10-нан 100 м-ге дейін

± 1% бақыланатын учаске аймағында көлік құралының жүріп өткен қашықтығын есептеудің рұқсат етілген қателігінің шегі

Бекіту:
- Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу;
- бағдаршамның тыйым салу сигналына өту;
- жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау;
- маневр жасау ережелерін бұзу;
- жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу.

9

Аппараттық-бағдарламалық кешендердің орналасу координаттарын өлшеу

-

± 5 м

10

Шығыңқы нүктелер мен жол таңбалары бойынша көлік құралдарының габариттері арасындағы қашықтықты өлшеу

0-ден 5 м-ге дейін

± 0,5 м

11

Уақытын синхрондау қатесін өлшеу

Нормаланбайды

± 2 с

Құқық бұзушылық уақытын белгілеу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады