Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 12.10.2023 № 277 және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.10.2023 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасыоны Экологиялық Кодексі 17-бабы 29) тармақшасының отыз бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің"Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабы 29) тармақшасының отыз бесінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімдерді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру үшін өндірушілерді қаржыландыру – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге қатысатын өндірушілер қызметкерлерінің еңбек ақысына жұмсалатын шығындарды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді орындауға тікелей байланысты материалдық шығыстарды, бөгде ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін жүзеге асыру бойынша қызметтер құнын қаржыландыру;
2) жұмыс орындарын күтіп-ұстау үшін өндірушілерді қаржыландыру – есепті кезеңде есептелген еңбекақы төлеу шығындарын қаржыландыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік салыққа, қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жарна аударымдарына жұмсалған шығындар;
3) кәбіл - тарту және пайдалану жағдайларына байланысты, тиісті қорғаныс жабыны болуы мүмкін, оған сауыт та жатуы мүмкін металл немесе металл емес қабықтың ішіндегі бір немесе бірнеше оқшауланған талсымдар (оптикалық талшықты қоса алғанда,өткізгіштер) салынған кәбілді бұйым, атап айтқанда жерге және су астына тартуға арналған;
4) Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі үшін шикізат сатып алуға өндірушілерді қаржыландыру – жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін поливинилхлоридті (бұдан әрі - ПВХ) пластигін сатып алу құнының бір бөлігін қаржыландыру, өрт қауіптілігі төмен және аз түтін және газ бөлетін полиэтилендер (бұдан әрі - ПЭ) мен олардың композициялары, сондай ақ өз өндірісі үшін жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және поливинилхлоридті (бұдан әрі - ПВХ) пластикаттар мен композициялар аз түтін және газ бөлетін компоненттер;
5) қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының кодына сәйкес (бұдан әрі – СЭҚ ТН8544) қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатынкәбілді-өткізгіш өнім;
6) өндірушілер–Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12565 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кәбілді-өткізгішөнімді (тауарларды) өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
7) өнімді өндіруге байланысты сынақтар жүргізу үшін өндірушілерді қаржыландыру – көлік құралдарының үлгілерін сынақ жүргізу алаңына және кейін тасымалдау шығындарын қоса алғанда,сынақ жүргізу үшін шығындарды қаржыландыру;
8) өнімді сертификаттау үшін өндірушілерді қаржыландыру - сәйкестікті растау органдарында сериялық шығарылатын кәбілді-өткізгіш өнімге сәйкестік сертификаттарын алуға шығындарды қаржыландыру;
9) сым – бір немесе бірнеше бұралған сымдардан немесе олардың үстіне тарту және пайдалану жағдайларына байланысты жеңіл металл емес қабық, орам және (немесе) талшықты сым немесе сым болуы мүмкін бір немесе бірнеше оқшауланған талсымдардан тұратын (оптикалық талшықты қоса алғанда), әдетте жер астына тартуға арналмағанкәбілді бұйым;
10) экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнім, ол мынадай топтардың біріне жатады:
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын кабель бұйымдары;
түтін және газ бөлетін топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын кәбілді бұйымдар;
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын және жанған және жанған кезде коррозиялық белсенді газ тектес өнімдерді бөлмейтін кәбілді бұйымдар;
кәбілді бұйымдар отқа төзімді, жануды таратпайтын кезінде топтық төсеу, өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін;
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын және жанған және жанған кезде коррозиялық белсенді газ тектес өнімдерді бөлмейтін отқа төзімді кәбілді бұйымдар;
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын, төмен түтін және газ бөлетін және жану өнімдерінің уыттылығы төмен кәбілді бұйымдар;
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын, жану мен түтіндеу кезінде коррозиялық белсенді газ тектес өнімдерді бөлмейтін және жану өнімдерінің уыттылығы төмен кәбілді бұйымдар;
отқа төзімді, топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын, төмен түтін және газ бөлетін және жану өнімдерінің уыттылығы төмен кәбілді бұйымдар;
топтық төсеу кезінде жануды таратпайтын, жанған және жанған кезде коррозиялық белсенді газ тәрізді өнімдерді бөлмейтін және жану өнімдерінің уыттылығы төмен отқа төзімді кәбілдібұйымдар;
11) энергия ресурстарын пайдалану үшін өндірушілерді қаржыландыру – өндірістік мақсаттарда қолданылатын табиғи газ, электр және жылу энергиясын төлеу шығындарын қаржыландыру.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімге және оларды өндіру кезіндегі технологиялық процестерге қойылатын талаптар
4. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру өндірушіге ол мынадай технологиялық (өндірістік) процестерді сақтаған кезде беріледі:
1) өндіріс сатыларында сапаны бақылау (пооперациялық бақылау) және дайын өнімді ұлттық стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бақылау;
2) сымдар мен кәбілдердің талсымдарын дайындау, сымдар мен кәбілдердің тоқ өткізгіш талсымдарын дайындауға арналған жабдық болмаған жағдайда қазақстандық өндірушімен (оптикалық талшығы бар кәбілді-өткізгіш өнімді шығаратын кәсіпорындарды қоспағанда) тоқ өткізгіш талсымдарды жеткізуге шарт ұсынылады);
3) оқшаулау және (немесе) қабық салу;
4) оқшауланған талсымдарды ширату (бұралған оқшауланған желілі өнімді шығаратын кәсіпорындар үшін); 5) оқшауланған талсымдарды ширату;
5) өндірілетін өнімге қорғау, экрандау және броньдау қабаттарын салу (қорғаныс, экрандау немесе броньдау қабаттары бар өнімдерді шығаратын кәсіпорындар үшін);
6) өнімді таңбалау;
Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру деп СЭҚ ТН 8544 коды бойынша сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының болуымен расталатын, СЭҚ ТН 8544 коды бойынша тауар номенклатурасына кіретін бұйымдардың ең аз дегенде біреуінің сериялық өндіріс жүйесі түсініледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5. Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнім бойынша талаптар ұлттық стандарттарға сәйкес, олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарға сәйкес айқындалады.
3-тарау. Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндірушілеріне қойылатын талаптар
6. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде беріледі:
1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылады;
2) өндірушінің меншік құқығында үйлер мен ғимараттардың меншік құқығында не үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты бойынша (жалдау шартының мерзімі кемінде 5 жылды құрайды және шарттың қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік 1 жыл аяқталғанға дейін қаржыландыруға өтініш берген кезде) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес зертханалар мен технологиялық жабдықты орналастыру үшін қажетті зертханалық жабдығы, дайын өнімнің сапасын бақылау үшін қажетті зертханалық жабдығы, кәбіл-өткізгіш өнімді өндіру үшін қажетті технологиялық жабдығы;
3) өндірушінің экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) өнімді және (немесе) қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын өнімді өндіру мүмкіндігін растайтын сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттары бар;
4) өндіруші өндірістік қызметтерден басқа, штатында: техникалық бақылау, технологиялық қамтамасыз ету, Сапа менеджменті жүйелері бар;
5) өндірушінің сапа менеджменті жүйесі сертификаты бар;
6) өндіруші "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" КО ТР 004/2011 талаптарына және экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді шығару үшін қолданылатын стандарттарға сәйкес келетін өнімді айналымға шығарады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді қаржыландыру тәртібі мен талаптары
1-параграф . Өндірушінің осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарындағы біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны алу тәртібі
7. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке іріктеуден өткен кәсіпорындар тізімінде (бұдан әрі – тізім) өндірушінің болуы қаржыландыруды алудың міндетті шарты болып табылады. Көрсетілген тізімге енгізу үшін өндіруші индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісте пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдықтардың тізбесі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісте пайдаланылатын зертханалық және сынақ жабдықтарының тізбесі;
3) заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама немесе Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркелген жылжымайтын мүлікке жалдау шарты;
4) экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің сериялы өндірісіне арналған сәйкестік сертификаттарының тізбесі және олардың көшірмелері;
5) сапа менеджменті жүйесі сертификатының көшірмесі
6) өндірушінің штаттық кестесі;
7) басшы мен бас бухгалтер қол қойған, өткен жылғы қызметкерлердің нақты орташа саны туралы анықтама.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды өндірушіге үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
9. Өтініштерді қарау үшін уәкілетті орган "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарының (бұдан әрі – комиссия) талаптарына сәйкес келуіне өндірушілердің біліктілігін арттыру жөніндегі комиссия құрады.
10. Комиссия уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өндірушінің осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес келуі туралы қорытынды береді және уәкілетті органға ұсынымдар жолдайды.
11. Уәкілетті орган ұсынымдарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өндірушіні осы Қағидалардың 4,5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін тізімге енгізу немесе тізімге енгізуден бас тарту туралы шешім шығарады және ол туралы өндірушіге хабарлайды.
Уәкілетті орган өндірушіні тізімге енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізімді өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (бұдан әрі – оператор) атына жібереді.
Тізімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган оператордың атына жаңартылған тізімді осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.12. Өндірушіні мына жағдайларда тізімге енгізуден бас тартылады:
1) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы;
2) комиссияның теріс ұсынымы.
2-параграф. Өндірушілерді осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарындағы біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіпорындар тізімінен шығару
13. Өндіруші мынадай жағдайларда тізімнен алып тасталуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген тексерулер кезіндеөндірушінің осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарының біліктілік талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда;
2) өндірушінің тізімнен алып тастау туралы жазбаша өтініші негізінде;
3) оператордың және өндірушінің арасындағы үлгілік шартта белгіленген талаптарды өндірушінің бұзуының нақты фактілерін көрсете отырып, тізімнен алып тастау туралы оператордың жазбаша өтініші негізінде.
14. Тізімнен алып тастау туралы өндіруші мен оператордың жазбаша өтінішін уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Қабылданған шешім өндірушіге және операторға жазбаша жіберіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3-параграф. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін ынталандыру шарттары және тәртібі
15. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін ынталандыру осы Қағидалардың 2-тармағымен бекітілген бағыттар бойынша осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес нысан бойынша өндірушілерді қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруші мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
16. Өндірушінің тізімде болуы қаржыландыру туралы шарт жасасу үшін негізгі талап болып табылады.
17. Қаржыландыру туралы шарт осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруші мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт нысанының негізінде бір күнтізбелік жылға жасалады.
18. Қаржыландыру туралы шарт жасасу үшін өндіруші операторға мынадай құжаттармен қоса қаржыландыру туралы шарт жасасу туралы өтініш (еркін нысанда) береді:
1) өндірушінің құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама;
3) өндірушінің банктік деректемелері мен қаржы аударылатын есеп айырысу шоттары көрсетілген, өндірушінің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған анықтама;
19. Оператор осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес өндірушілер ұсынған шарт жасасу туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және өндірушілермен шарт жасасады немесе өндірушімен мұндай шартты жасасудан бас тартады (жазбаша түрде).
Оператор осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға сұрау салуды жіберген кезде өндірушінің өтінішін қарау мерзімі уәкілетті органнан осы сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
20. Қаржыландыруға арналған шарт жасасудан бас тарту үшін негіздер мыналар: операторға уәкілетті орган беретін кәсіпорындар тізімінде өндірушінің болмауы, осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) сәйкес келмеуі.
21. Осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес қаржыландыру алу үшін шарт жасасқан өндіруші ынталандыруға жататын экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру жүзеге асырылған есепті айдан кейінгі айдың жиырмасына дейін операторға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, (оператормен келісілген нысанда) қаржыландыру туралы өтініш береді:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалану шығындарының бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық қауіпсіз шикізат сатып алуға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді шығаруға байланысты сынақтар жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді сертификаттауға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20_ жылғы " " бастап 20_ жылғы " " дейін қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп;
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20_ жылғы " " бастап 20_ жылғы " " экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін және газ бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп.
Қаржыландыруға жататын шығындар баптары бойынша қаржыландыруға жататын шығындардың бір бөлігін есептеу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес орындалады.
Қаржыландыруға жататын шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу кезінде барлық кәбіл-өткізгіш өнімдерін өндірушілер үшін біріздендіру мақсатында өндіруші:
- бір мезгілде өнімнің бір түрінен артық өндіру кезінде (егер әрбір өнімді қайта өңдеуге арналған шығындар жеке сәйкестендіріле алмайтын болса) шығындар өнім түрлері арасында өнім түрлерін сату құнына тепе-тең бөлінеді;
- өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізілмейтін және олардың пайда болу кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындарды (сақтауға арналған шығындар, әкімшілік үстеме шығындар, сатуға арналған шығындар) бөлу кезінде шығындарды бөлу өнім түрлерін сату құнының негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.22. Оператор шарт жасасқан әрбір өндірушіге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ынталандыруды жүзеге асырады. Барлық бағыттар бойынша ынталандыру сомасы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілген өнімі үшін өндіруші төлеген кәдеге жарату төлемақысының сомасынан аспауы тиіс.
23. Оператор:
1) осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қаржыландыруды ұсыну туралы өтініштерді келіп түсу тәртібіне қарай тіркейді;
2) ұсынылған құжаттарды ондағы мәліметтердің толық болуы мәніне қаржыландыру туралы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді және оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде өндірушіге қаржыландыруды ұсынады;
3) қаржыландыруды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тартудың негіздерін көрсете отырып, өндірушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Қаржыландырудан бас тарту негіздері – ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) ондағы мәліметтердің және құжаттардың осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қаржыландырудан бас тартқан жағдайда өндіруші операторға осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес осындай бас тартуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта жүгінеді.
Қаржыландыруға өтініш беру мерзімі бұзылған жағдайда, өндіруші өтіп кеткен ай үшін келесі айдың 20-на дейін осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қаржыландыруға өтініш береді.
25. Осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес берілетін, аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған, деректердің анық еместігі фактісі анықталған жағдайда, деректердің дұрыс еместігін анықтау нәтижесінде өндіруші алған қаражат операторға қайтарылуға жатады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.26. Өндіруші оператордың сұратуымен, бірақ жылына бір реттен артық емес тәуелсіз аудиторлық ұйымның осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша қорытындысын ұсынады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен."Өндірісте пайдаланылатын: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің технологиялық және қосалқы жабдықтарының тізбесі."
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ұйым атауы ____________________________
№ р/р | Технологиялық және қосалқы жабдықтың атауы | Жасалатын операция түрі | Типі, маркасы, моделі | Зауыттық/ Сериялық нөмірі (болған кезде) | Түгендеу нөмірі (болған кезде) | Компания және өндіруші ел | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Күні
"Өндірісте пайдаланылатын: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің зертханалық және сынақ жабдықтарының тізбесі".
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ұйым атауы ____________________________
№ р/р | Зертханалық және сынақ жабдығының атауы | Типі, маркасы, моделі | Зауыттық/ Сериялық нөмірі (болған кезде) | Түгендеу нөмірі (болған кезде) | Аттестациялау сертификатының және тексеру туралы сертификаттың нөмірі | Компания және өндіруші ел |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Күні
Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді сериялы өндіру бойынша сәйкестік сертификаттарының тізбесі
Ұйым атауы ____________________________
№ р/р | Сертификаттың тіркеу нөмірі | Сертификаттың жарамдылығы | СЭҚ ТН коды | Өнім атауы | |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Күні
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
_____________ қаласы 20__ жылғы "____"______
Осы Шарт, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін ____ атынан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі – Оператор) және _______ негізінде әрекет ететін ____ атынан (бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалған, және 20__ жылғы "__" "_______" дейін әрекет етеді.
Тараптар Шарт оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларымен көзделген талаптарды орындауға міндетденетіні туралы келіскенін назарға ала отырып:
Назарға ала отырып, :
Тараптар Шарт оның шарттарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газ бөлетін кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру қағидаларында көзделген талаптарды орындауға міндеттенеді); 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 388-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген қалдықтар Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылады.
Тараптар төмендегі туралы осы Шартты жасасты.
1-тарау. Шарт мәні
1. Осы Шарттың мәні – Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); экологиялық қауіпсіз кәбілді-өткізгіш өнімді және қалдықтары экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеуге болатын өнімнің өндіріс көлемін ұлғайту арқылы, қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру кезінде өзара міндеттемелерді құру және жүзеге асыру жөніндегі Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын СЭҚ ТН 8544 коды бойынша сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының болуымен расталатын СЭҚ ТН 8544 коды бойынша тауар номенклатурасына кіретін бұйымдардың кем дегенде біреуінің сериялық өндіріс жүйесі түсініледі.
2. Осы Шарт Өндіріс операторын Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімдерді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру жолымен шарт мерзімі шеңберінде ынталандыруға негіз болып табылады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Өндіруші:
2.1.1. Операторға Қағидалардың 21-тармағына сәйкес көлемде қаржыландыруды беру туралы өтінішті және құжаттарды ұсынуға;
2.1.2. Оператордың артық төлеген сомаларын одан растайтын құжаттар қоса берілетін тиісті хабарлама алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қайтаруға міндеттенеді.
Қағидалардың 25-тармағында айқындалған тәртіппен және шарттарда оператор төлеген сомаларды қайтаруды он жұмыс күні ішінде жүргізуге
2.1.3. Қаржыландыруды алу мақсатында Өндіруші ұсынған ақпараттың дұрыстығына Өндіруші жауапты болады.
2.2. Оператор:
2.2.1. Ұсынылған құжаттарды қаржыландыру туралы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруге және оң шешім болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды қамтамасыз етуге;
2.2.2. Қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде бас тарту негіздемелерін көрсете отырып, Өндірушіні жазбаша хабардар етуге;
2.2.3. Өндірушілерге қойылатын талаптардың бұзылу фактілері анықталға күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өндіруші жалған немесе бұрмаланған ақпарат пен деректерді ұсынған жағдайда, аударылған ақша қаражатын қайтару қажеттілігі жөнінде Өндірушіні хабардар етуге міндеттенеді.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Өндіруші Шарттың нормаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Оператор осы Шарттың қолданылуын тоқтату туралы және анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бір айлық мерзімде бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламаны жазбаша түрде Өндірушіге жібереді. Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау, біліктілік талаптарына сәйкестігіне іріктеуден өткен кәсіпорындар тізімінен алып тастау туралы уәкілетті органға жүгіну үшін және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.
3.2. Өндіруші ақшалай төлемді белгіленген мерзім ішінде қайтармаған жағдайда, оларды қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
3.3. Басқа міндеттемелер мен кепілдіктерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4-тарау. Форс-мажор
4.1. Егер, мұндай орындамау немесе кешіктіру форс-мажорлық жағдайлардан туындаса (форс-мажор), осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
4.2. Форс-мажор жағдайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы) және осы шарттарда өзгеше және ерекше жағдайлар жатады.
4.3. Форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан туындаған Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде міндеттемелерді орындау мерзімдері форс-мажорлық жағдайларға байланысты ұзартылады.
4.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап олардың пайда болған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және форс-мажордың сипатын көрсете отырып жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
4.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша төмендету үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5-тарау. Құпиялылық
5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде оның жұмысына қатысты барлық құжаттардың, ақпараттың және есептердің құпиялылық талаптарын сақтайды.
5.2. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз, Шарттың мазмұнын немесе осы Шарттың ережелерін іске асыруға байланысты құпия деп есептейтін басқа ақпаратты келесі жағдайлардан басқа жағдайларда жария етуге құқылы емес:
1) сот талқылауы барысында ақпарат пайдаланылған кезде;
2) егер мұндай үшінші тарап осындай ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оны Тараптар белгілеген мақсаттарға және Тараптар белгілеген мерзімге пайдалануға міндеттенетін болса, Келісім бойынша Тараптардың біріне қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға ақпарат берілген жағдайда;
3) егер осындай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылық жағдайларын сақтауға міндеттенсе, Шарт бойынша Тарап қаржы активтерін алған банкке немесе өзге де қаржы ұйымына ақпарат берген жағдайда;
4) Қазақстан Республикасынан тыс шетелдік банктерде ашылғандарды қоса алғанда, Өндірушінің кез-келген банктік шотына қатысты кез-келген ақпаратқа, соның ішінде банктік құпияға қол жеткізуге құқығы бар салық немесе Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдары туралы ақпарат ұсынылған жағдайда;
5) өндірушілерді ынталандыру көлемі туралы мәліметтерді жариялаған жағдайда.
6-тарау. Дауларды реттеу
6.1. Тараптар арасындағы осы Шартты түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
6.2. Шешілмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7 -тарау. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және қолданысын тоқтату
7.1. Осы Шарт бір жылға дейін қолданылады және Тараптар шарт талаптарын адал орындаған жағдайда, автоматты түрде ұзартылады.
7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
7.3. Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі данада жасалды.
8-тарау. Тараптардың деректемелері
Оператор |
Өндіруші |
Жұмыс орындарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы ____________________________
Өндіруші қызметкер лерінің еңбек ақы төлемі қоры (теңге) | Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыруға төленетін жарна сомасы | Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге) | Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға аударымдар сомасы (теңге) | Өтеуге және төлеуге жұмсалған іс жүзіндегі шығындар сомасы |
А | Б | В | Г | Д = (А+Б+В+Г) |
Төленуге тиісті қаржыландыру сомасы: |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Энергия ресурстарын пайдалану шығындарының бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы ____________________________
Электр және жылу энергиясын төлеуге жұмсалған шығындар (теңге) |
Төлемді қаржыландыру мөлшері: |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Экологиялық қауіпсіз шикізат сатып алуға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы ____________________________
Экологиялық қауіпсіз шикізаттың құны (теңге) | Қайтаруға жататын экологиялық қауіпсіз шикізатты сатып алуға жұмсалатын шығындардың сомасы (теңге) |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы _______________________________
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындау кезеңінде көрсетілген жұмыстарға жұмсалған қызметкерлердің еңбек ақысы (теңге) | Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындаумен тікелей байланысты материалдық шығындар (теңге) | Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары ғылыми-зерттеу ұйымдарында орындалған жағдайда жұмыстарды орындау туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың құны (теңге) | Өтелуге және төлеуге жұмсалған іс жүзіндегі шығындар сомасы (теңге) |
А | Б | В | Г=(А+Б+В) |
Төлемнің тиісті қаржыландыр умөлшері: |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Өнімді шығаруға байланысты сынақтар жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы ____________________________
Өндірушімен сынақтарды жүргізуге жұмсалған шығындар сомасы (теңге) | Сынақ алаңына және кейін қарай үлгілерді тасымалдау үшін өндірушімен жұмсалған шығындар сомасы (теңге) | Ақша қаражатын өткізуге шығындар мөлшері, үлгілер құны (теңге) | Өтелуге және төлеуге жұмсалған іс жүзіндегі шығындар сомасы (теңге) |
А | Б | В | Г = (А+Б+В) |
Төлемнің тиісті қаржыландыру мөлшері: |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Өнімді сертификаттауға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу
Ұйым атауы ____________________________
Өнімді сертификаттауға жұмсалған шығын |
Төлемнің тиісті қаржыландыру мөлшері |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
20 жылғы " " бастап 20 жылғы " " - дейін қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп
Ұйым атауы ____________________________
Өнім атауы | СЭҚ ТН коды | Стандарттар-ға сәйкес өнім маркасы | Өнімнің жалпы салмағы, тонна | Металл салмағы, тонна | Пластикаттар мен полиэтилен салмағы, тонн | Өндірілген өнімнің құны, мың теңге |
А | Б | В | Г | Д | Е | Ж |
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Ескертпе: В бағанында өнім маркасы МЕМСТ 5960 - 72 талаптарына сәйкес түтін мен газдарды бөле отырып, жануды тарататын ПВХ пластикаттар немесе полиэтилендер пайдаланылатын өнім көрсетіледі.
20 жылғы 2 " " бастап 20 жылғы " " - дейін экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп
Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.05.2021 № 147 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2021 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ұйым атауы ____________________________
Өнім атауы | СЭҚ ТН коды | Стандарттар-ға сәйкес өнім маркасы | Өнімнің жалпы салмағы, тонна | Металл салмағы, тонна | Экологиялық қауіпсіз пластикаттар менкомпозиция салмағы, тонн | Өндірілген өнімнің құны, мың теңге |
А | Б | В | Г | Д | Е | Ж |
Есептік кезең, айы
Ұйым басшысы
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Күні
Ескертпе: "өнім маркасы" деген В-бағанда өндіру кезінде ПВХ пластикат немесе композициялар қолданылатын өнім, полиэтилендер және олардың композициялары нг(...)*,нг(...)*-LS, нг(...)*-LSLTx, нг(...)*-HF, нг(...)*- HFLTx индекстерімен көрсетіледі.
Ескертпе * - Тиісті А F/R, А, В, С немесе D санаттарын көрсетеді