"Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 18 мамырдағы № 147 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № 268 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 31 мамырда № 22878 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 277 және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 26 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 12.10.2023 № 277 және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.10.2023 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі үшін шикізат сатып алуға өндірушілерді қаржыландыру – жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін поливинилхлоридті (бұдан әрі - ПВХ) пластигін сатып алу құнының бір бөлігін қаржыландыру, өрт қауіптілігі төмен және аз түтін және газ бөлетін полиэтилендер (бұдан әрі - ПЭ) мен олардың композициялары, сондай ақ өз өндірісі үшін жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және поливинилхлоридті (бұдан әрі - ПВХ) пластикаттар мен композициялар аз түтін және газ бөлетін компоненттер;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру өндірушіге ол мынадай технологиялық (өндірістік) процестерді сақтаған кезде беріледі:

      1) өндіріс сатыларында сапаны бақылау (пооперациялық бақылау) және дайын өнімді ұлттық стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бақылау;

      2) сымдар мен кәбілдердің талсымдарын дайындау, сымдар мен кәбілдердің тоқ өткізгіш талсымдарын дайындауға арналған жабдық болмаған жағдайда қазақстандық өндірушімен (оптикалық талшығы бар кәбілді-өткізгіш өнімді шығаратын кәсіпорындарды қоспағанда) тоқ өткізгіш талсымдарды жеткізуге шарт ұсынылады);

      3) оқшаулау және (немесе) қабық салу;

      4) оқшауланған талсымдарды ширату (бұралған оқшауланған желілі өнімді шығаратын кәсіпорындар үшін); 5) оқшауланған талсымдарды ширату;

      5) өндірілетін өнімге қорғау, экрандау және броньдау қабаттарын салу (қорғаныс, экрандау немесе броньдау қабаттары бар өнімдерді шығаратын кәсіпорындар үшін);

      6) өнімді таңбалау;

      Экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру деп СЭҚ ТН 8544 коды бойынша сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының болуымен расталатын, СЭҚ ТН 8544 коды бойынша тауар номенклатурасына кіретін бұйымдардың ең аз дегенде біреуінің сериялық өндіріс жүйесі түсініледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде беріледі:

      1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылады;

      2) өндірушінің меншік құқығында үйлер мен ғимараттардың меншік құқығында не үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты бойынша (жалдау шартының мерзімі кемінде 5 жылды құрайды және шарттың қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік 1 жыл аяқталғанға дейін қаржыландыруға өтініш берген кезде) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес зертханалар мен технологиялық жабдықты орналастыру үшін қажетті зертханалық жабдығы, дайын өнімнің сапасын бақылау үшін қажетті зертханалық жабдығы, кәбіл-өткізгіш өнімді өндіру үшін қажетті технологиялық жабдығы;

      3) өндірушінің экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) өнімді және (немесе) қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын өнімді өндіру мүмкіндігін растайтын сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттары бар;

      4) өндіруші өндірістік қызметтерден басқа, штатында: техникалық бақылау, технологиялық қамтамасыз ету, Сапа менеджменті жүйелері бар;

      5) өндірушінің сапа менеджменті жүйесі сертификаты бар;

      6) өндіруші "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" КО ТР 004/2011 талаптарына және экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді шығару үшін қолданылатын стандарттарға сәйкес келетін өнімді айналымға шығарады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке іріктеуден өткен кәсіпорындар тізімінде (бұдан әрі – тізім) өндірушінің болуы қаржыландыруды алудың міндетті шарты болып табылады. Көрсетілген тізімге енгізу үшін өндіруші индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш жібереді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісте пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдықтардың тізбесі;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісте пайдаланылатын зертханалық және сынақ жабдықтарының тізбесі;

      3) заңды тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама немесе Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркелген жылжымайтын мүлікке жалдау шарты;

      4) экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің сериялы өндірісіне арналған сәйкестік сертификаттарының тізбесі және олардың көшірмелері;

      5) сапа менеджменті жүйесі сертификатының көшірмесі

      6) өндірушінің штаттық кестесі;

      7) басшы мен бас бухгалтер қол қойған, өткен жылғы қызметкерлердің нақты орташа саны туралы анықтама.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті орган ұсынымдарды алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өндірушіні осы Қағидалардың 4,5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін тізімге енгізу немесе тізімге енгізуден бас тарту туралы шешім шығарады және ол туралы өндірушіге хабарлайды.

      Уәкілетті орган өндірушіні тізімге енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізімді өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (бұдан әрі – оператор) атына жібереді.

      Тізімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда уәкілетті орган оператордың атына жаңартылған тізімді осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тізімнен алып тастау туралы өндіруші мен оператордың жазбаша өтінішін уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Қабылданған шешім өндірушіге және операторға жазбаша жіберіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес қаржыландыру алу үшін шарт жасасқан өндіруші ынталандыруға жататын экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру жүзеге асырылған есепті айдан кейінгі айдың жиырмасына дейін операторға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, (оператормен келісілген нысанда) қаржыландыру туралы өтініш береді:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалану шығындарының бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық қауіпсіз шикізат сатып алуға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді шығаруға байланысты сынақтар жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді сертификаттауға арналған шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу;

      осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20_ жылғы " " бастап 20_ жылғы " " дейін қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп;

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20_ жылғы " " бастап 20_ жылғы " " экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін және газ бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп.

      Қаржыландыруға жататын шығындар баптары бойынша қаржыландыруға жататын шығындардың бір бөлігін есептеу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес орындалады.

      Қаржыландыруға жататын шығындардың бір бөлігін қаржыландыруды есептеу кезінде барлық кәбіл-өткізгіш өнімдерін өндірушілер үшін біріздендіру мақсатында өндіруші:

      - бір мезгілде өнімнің бір түрінен артық өндіру кезінде (егер әрбір өнімді қайта өңдеуге арналған шығындар жеке сәйкестендіріле алмайтын болса) шығындар өнім түрлері арасында өнім түрлерін сату құнына тепе-тең бөлінеді;

      - өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізілмейтін және олардың пайда болу кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындарды (сақтауға арналған шығындар, әкімшілік үстеме шығындар, сатуға арналған шығындар) бөлу кезінде шығындарды бөлу өнім түрлерін сату құнының негізінде жүргізіледі.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес берілетін, аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған, деректердің анық еместігі фактісі анықталған жағдайда, деректердің дұрыс еместігін анықтау нәтижесінде өндіруші алған қаражат операторға қайтарылуға жатады.

      26 Өндіруші оператордың сұратуымен, бірақ жылына бір реттен артық емес тәуелсіз аудиторлық ұйымның осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша қорытындысын ұсынады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
__________К. Ускенбаев

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
__________С. Кожаниязов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 268 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 147
1-қосымша
Қазақстан Республикасында
экологиялық қауіпсіз
(жанбайтын және (немесе) өрт
қауіптілігі төмен және түтін мен
газды аз бөлетін); қалдықтары
Қазақстан Республикасының
аумағында қайта өңделетін
болып табылатын
кәбілді- өткізгіш өнімнің
өндірісін ынталандыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Өндірісте пайдаланылатын: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің технологиялық және қосалқы жабдықтарының тізбесі."

      Ұйым атауы ____________________________

№ р/р

Технологиялық және қосалқы жабдықтың атауы

Жасалатын операция түрі

Типі, маркасы, моделі

Зауыттық/ Сериялық нөмірі (болған кезде)

Түгендеу нөмірі (болған кезде)

Компания және өндіруші ел

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ұйым басшысы

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бас бухгалтер

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Күні

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 268 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 147
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экологиялық қауіпсіз
(жанбайтын және (немесе) өрт
қауіптілігі төмен және түтін мен
газды аз бөлетін); қалдықтары
Қазақстан Республикасының
аумағында қайта өңделетін
болып табылатын
кәбілді-өткізгіш өнімнің
өндірісін ынталандыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Өндірісте пайдаланылатын: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің зертханалық және сынақ жабдықтарының тізбесі".

      Ұйым атауы ____________________________

№ р/р

Зертханалық және сынақ жабдығының атауы

Типі, маркасы, моделі

Зауыттық/ Сериялық нөмірі (болған кезде)

Түгендеу нөмірі (болған кезде)

Аттестациялау сертификатының және тексеру туралы сертификаттың нөмірі

Компания және өндіруші ел

1

2

3

4

5

6

7








      Ұйым басшысы

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бас бухгалтер

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Күні

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 268 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 147
Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экологиялық қауіпсіз
(жанбайтын және (немесе) өрт
қауіптілігі төмен және түтін мен
газды аз бөлетін); қалдықтары
Қазақстан Республикасының
аумағында қайта өңделетін
болып табылатын
кәбілді-өткізгіш өнімнің
өндірісін ынталандыру
қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы үлгілік шарт

      _____________ қаласы                                    20__ жылғы "____"______

      Осы Шарт, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін ____ атынан өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі – Оператор) және _______ негізінде әрекет ететін ____ атынан (бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалған, және 20__ жылғы "__" "_______" дейін әрекет етеді.

      Тараптар Шарт оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларымен көзделген талаптарды орындауға міндетденетіні туралы келіскенін назарға ала отырып:

      Назарға ала отырып, :

      Тараптар Шарт оның шарттарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты және Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газ бөлетін кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру қағидаларында көзделген талаптарды орындауға міндеттенеді); 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 388-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген қалдықтар Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылады.

      Тараптар төмендегі туралы осы Шартты жасасты.

1-тарау. Шарт мәні

      1. Осы Шарттың мәні – Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); экологиялық қауіпсіз кәбілді-өткізгіш өнімді және қалдықтары экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеуге болатын өнімнің өндіріс көлемін ұлғайту арқылы, қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру кезінде өзара міндеттемелерді құру және жүзеге асыру жөніндегі Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      Кәбілді-өткізгіш өнімді өндіру: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын СЭҚ ТН 8544 коды бойынша сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының болуымен расталатын СЭҚ ТН 8544 коды бойынша тауар номенклатурасына кіретін бұйымдардың кем дегенде біреуінің сериялық өндіріс жүйесі түсініледі.

      2. Осы Шарт Өндіріс операторын Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін оларды өндірушілерді мынадай: жұмыс орындарын ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; экологиялық қауіпсіз және (немесе) қайта өңделетін өнім өндіру үшін шикізат сатып алу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнімдерді шығаруға байланысты сынақтар жүргізу; өнімдерді сертификаттау бағыттары бойынша қаржыландыру жолымен шарт мерзімі шеңберінде ынталандыруға негіз болып табылады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Өндіруші:

      2.1.1. Операторға Қағидалардың 21-тармағына сәйкес көлемде қаржыландыруды беру туралы өтінішті және құжаттарды ұсынуға;

      2.1.2. Оператордың артық төлеген сомаларын одан растайтын құжаттар қоса берілетін тиісті хабарлама алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қайтаруға міндеттенеді.

      Қағидалардың 25-тармағында айқындалған тәртіппен және шарттарда оператор төлеген сомаларды қайтаруды он жұмыс күні ішінде жүргізуге

      2.1.3. Қаржыландыруды алу мақсатында Өндіруші ұсынған ақпараттың дұрыстығына Өндіруші жауапты болады.

      2.2. Оператор:

      2.2.1. Ұсынылған құжаттарды қаржыландыру туралы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеруге және оң шешім болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды қамтамасыз етуге;

      2.2.2. Қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде бас тарту негіздемелерін көрсете отырып, Өндірушіні жазбаша хабардар етуге;

      2.2.3. Өндірушілерге қойылатын талаптардың бұзылу фактілері анықталға күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өндіруші жалған немесе бұрмаланған ақпарат пен деректерді ұсынған жағдайда, аударылған ақша қаражатын қайтару қажеттілігі жөнінде Өндірушіні хабардар етуге міндеттенеді.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Өндіруші Шарттың нормаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Оператор осы Шарттың қолданылуын тоқтату туралы және анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бір айлық мерзімде бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламаны жазбаша түрде Өндірушіге жібереді. Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау, біліктілік талаптарына сәйкестігіне іріктеуден өткен кәсіпорындар тізімінен алып тастау туралы уәкілетті органға жүгіну үшін және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.

      3.2. Өндіруші ақшалай төлемді белгіленген мерзім ішінде қайтармаған жағдайда, оларды қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      3.3. Басқа міндеттемелер мен кепілдіктерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4-тарау. Форс-мажор

      4.1. Егер, мұндай орындамау немесе кешіктіру форс-мажорлық жағдайлардан туындаса (форс-мажор), осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.

      4.2. Форс-мажор жағдайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы) және осы шарттарда өзгеше және ерекше жағдайлар жатады.

      4.3. Форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан туындаған Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде міндеттемелерді орындау мерзімдері форс-мажорлық жағдайларға байланысты ұзартылады.

      4.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап олардың пайда болған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және форс-мажордың сипатын көрсете отырып жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

      4.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша төмендету үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде оның жұмысына қатысты барлық құжаттардың, ақпараттың және есептердің құпиялылық талаптарын сақтайды.

      5.2. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз, Шарттың мазмұнын немесе осы Шарттың ережелерін іске асыруға байланысты құпия деп есептейтін басқа ақпаратты келесі жағдайлардан басқа жағдайларда жария етуге құқылы емес:

      1) сот талқылауы барысында ақпарат пайдаланылған кезде;

      2) егер мұндай үшінші тарап осындай ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оны Тараптар белгілеген мақсаттарға және Тараптар белгілеген мерзімге пайдалануға міндеттенетін болса, Келісім бойынша Тараптардың біріне қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға ақпарат берілген жағдайда;

      3) егер осындай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылық жағдайларын сақтауға міндеттенсе, Шарт бойынша Тарап қаржы активтерін алған банкке немесе өзге де қаржы ұйымына ақпарат берген жағдайда;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс шетелдік банктерде ашылғандарды қоса алғанда, Өндірушінің кез-келген банктік шотына қатысты кез-келген ақпаратқа, соның ішінде банктік құпияға қол жеткізуге құқығы бар салық немесе Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдары туралы ақпарат ұсынылған жағдайда;

      5) өндірушілерді ынталандыру көлемі туралы мәліметтерді жариялаған жағдайда.

6-тарау. Дауларды реттеу

      6.1. Тараптар арасындағы осы Шартты түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

      6.2. Шешілмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7 -тарау. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және қолданысын тоқтату

      7.1. Осы Шарт бір жылға дейін қолданылады және Тараптар шарт талаптарын адал орындаған жағдайда, автоматты түрде ұзартылады.

      7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      7.3. Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі данада жасалды.

8-тарау. Тараптардың деректемелері

Оператор
_________________________
_________________________
Мөр орны (болған кезде)

Өндіруші
________________________
________________________
Мөр орны (болған кезде)

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ 268 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 147
Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экологиялық қауіпсіз
(жанбайтын және (немесе) өрт
қауіптілігі төмен және түтін мен
газды аз бөлетін); қалдықтары
Қазақстан Республикасының
аумағында қайта өңделетін
болып табылатын
кәбілді-өткізгіш өнімнің
өндірісін ынталандыру
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

20 жылғы 2 " " бастап 20 жылғы " " - дейін экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін) кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісі туралы есеп

      Ұйым атауы ____________________________

Өнім атауы

СЭҚ ТН коды

Стандарттар-ға сәйкес өнім маркасы

Өнімнің жалпы салмағы, тонна

Металл салмағы, тонна

Экологиялық қауіпсіз пластикаттар менкомпозиция салмағы, тонн

Өндірілген өнімнің құны, мың теңге

А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

      Есептік кезең, айы

      Ұйым басшысы

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Күні

      Ескертпе: "өнім маркасы" деген В-бағанда өндіру кезінде ПВХ пластикат немесе композициялар қолданылатын өнім, полиэтилендер және олардың композициялары нг(...)*,нг(...)*-LS, нг(...)*-LSLTx, нг(...)*-HF, нг(...)*- HFLTx индекстерімен көрсетіледі.

      Ескертпе * - Тиісті А F/R, А, В, С немесе D санаттарын көрсетеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады