"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18950 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.08.2024 № 521/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 240 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17081 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 143/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды (бұдан әрі – техникалық тапсырма) жасау және қарау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.08.2024 № 521/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      3) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

      4) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 360/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау тәртібі

      3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту техникалық тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Техникалық тапсырманы жасауды әкімші және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісі дербес немесе оны әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу жолымен жүзеге асырады.

      Техникалық тапсырманы жасау мыналарға:

      1) "Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелерді құруға арналған техникалық тапсырма" Қазақстан Республикасының СТ 34.015-2002 ұлттық стандартына;

      2) бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге, инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныс жобасына;

      3) "электрондық үкіметтің" архитектурасына;

      4) Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.08.2024 № 521/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Техникалық тапсырманы ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге енгізу "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) арқылы электрондық құжаттар нысанында мынадай тәртіппен:

      инвестициялық ұсыныспен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға жолданған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша;

      бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытынды алғаннан және оларды бекіткеннен кейін - бюджеттік инвестициялар бойынша;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның инвестициялық ұсыныстарына немесе бизнес-жоспарына жеке әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөз кезінде немесе бюджеттік заңнамаға сәйкес бизнес-жоспарға экономикалық сараптама қажет етілмеген жағдайда оған қоса бере отырып, оң экономикалық қорытындыны алғаннан кейін - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту рәсімі басталғанға дейін - "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған жобаларды өзге де тәсілмен іске асыру бойынша жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаны іске асырудың тәсіліне байланысты техникалық тапсырмаға бекітілген инвестициялық ұсыныс, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздеме (ерікті нысанда) немесе өзге де жоба алдындағы құжаттар қосымша беріледі.

      5. Уәкілетті орган техникалық тапсырманы келісуді толық құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.04.2022 № 136/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Техникалық тапсырманың жаңа редакциясы (бөлімдері, тараулары, параграфтары) енгізілген жағдайда, келісу мерзімі әкімші және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісінің хаты қоса беріле отырып, сараптаманы жүргізуді ұзарту туралы сервистік интеграторды және мемлекеттік техникалық қызметті хабардар ете отырып, әкімшіден және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісінен хат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2022 № 360/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін техникалық тапсырманы сервистік интеграторға және мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.

      8. Сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызмет техникалық тапсырманы алған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындыларын (ерікті нысанда) уәкілетті органға жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.04.2022 № 136/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      9. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкестігіне және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде бірнеше рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің болуына техникалық тапсырмаға сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.08.2024 № 521/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Сервистік интегратор техникалық тапсырмалар сараптамаға қайта түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.04.2022 № 136/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік техникалық қызмет техникалық тапсырманың Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық қауіпсіздікті және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету саласында қолданыстағы нормативтік құқық актілердің және стандарттардың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

      10-1. Мемлекеттік техникалық қызмет техникалық тапсырмалар сараптамаға қайта түскен кезде сараптаманы осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес өтеусіз негізде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 22.04.2022 № 136/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган техникалық тапсырманы сервистік интегратордан және мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындыларын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі немесе анықталған ескертулерді ескере отырып қайтарады.

      12. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамытуды талап ететіндерді қоспағанда, бекітілген техникалық тапсырмада көзделген функционалдық және өзге де талаптарды өзгерту бекітілген техникалық тапсырмаға толықтыру түрінде ресімделеді.

      Техникалық тапсырмаға толықтыруды келісу осы Қағидалардың 5-11-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 143/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2019 года № 18950.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "Об информатизации", подпунктом 166) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.08.2024 № 521/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства".

      2. Признать утратившим силу приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 31 мая 2018 года № 240 "Об утверждении Правил составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие информационных систем государственных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17081, опубликован 26 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актах Республики Казахстан).

      3. Департаменту цифровизации Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
29 июня 2019 года
№ 143/НҚ

Правила составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства" (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "Об информатизации" (далее – Закон), подпунктом 166) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 и определяют порядок составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства" (далее – техническое задание).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.08.2024 № 521/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) владелец объектов информатизации – субъект, которому собственник объектов информатизации предоставил права владения и пользования объектами информатизации в определенных законом или соглашением пределах и порядке;

      2) администратор бюджетных программ (далее – администратор) – государственный орган, ответственный за планирование, обоснование, реализацию и достижение результатов бюджетных программ;

      3) государственная техническая служба – акционерное общество, созданное по решению Правительства Республики Казахстан;

      4) сервисный интегратор "электронного правительства" (далее – сервисный интегратор) – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложены функции по методологическому обеспечению развития архитектуры "электронного правительства", а также иные функции, предусмотренные Законом.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 30.09.2022 № 360/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок составления и рассмотрения технических заданий на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства"

      3. Создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства" осуществляются в соответствии с техническим заданием.

      Составление технического задания осуществляется администратором и (или) владельцем объекта информатизации самостоятельно либо путем приобретения услуг по его разработке.

      Составление технического задания осуществляется в соответствии с:

      1) национальным стандартом Республики Казахстан СТ РК 34.015-2002 "Информационная технология. Комплекс стандартов на автоматизированные системы. Техническое задание на создание автоматизированной системы";

      2) утвержденным финансово-экономическим обоснованием, инвестиционным предложением, проектом инвестиционного предложения по бюджетным инвестиционным проектам;

      3) архитектурой "электронного правительства";

      4) едиными требованиями в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утверждаемым в соответствии с подпунктом 3) статьи 6 Закона.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.08.2024 № 521/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Внесение технического задания на согласование уполномоченному органу в сферах информатизации и обеспечения информационной безопасности (далее – уполномоченный орган) осуществляется посредством архитектурного портала "электронного правительства" (далее - архитектурный портал) в форме электронных документов в следующем порядке:

      по бюджетным инвестиционным проектам, направленным на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства" с инвестиционным предложением;

      по бюджетным инвестициям – после получения положительного экономического заключения на финансово-экономическое обоснование бюджетных инвестиций и их утверждения;

      по проектам государственного-частного партнерства – после получения положительного экономического заключения на инвестиционное предложение или бизнес-плана к проекту государственно-частного партнерства при прямых переговорах по определению частного партнера либо приложением к нему;

      по иным способам реализации проектов по созданию и развитию объектов информатизации "электронного правительства" – до начала процедуры создания и развития объектов информатизации "электронного правительства".

      К техническому заданию в зависимости от способа реализации проекта по созданию и развитию объектов информатизации "электронного правительства" дополнительно прикладываются утвержденные инвестиционное предложение, финансово-экономическое обоснование бюджетных инвестиции (в произвольной форме) либо иная предпроектная документация.

      5. Согласование технического задания, осуществляется уполномоченным органом в срок не позднее пятнадцати рабочих дней со дня поступления полного пакета документов.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 22.04.2022 № 136/НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      6. При внесении новой редакции технического задания (разделов, глав, параграфов), срок согласования продлевается до десяти рабочих дней со дня получения письма от администратора и (или) владельца объекта информатизации с последующим уведомлением сервисного интегратора и государственной технической службы о продлении проведения экспертизы с приложением письма администратора и (или) владельца объекта информатизации.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 30.09.2022 № 360/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Техническое задание для проведения экспертизы направляется уполномоченным органом сервисному интегратору и государственной технической службе.

      8. Сервисный интегратор и государственная техническая служба в течение двенадцати рабочих дней с даты получения технического задания проводят экспертизу и направляют заключения (в произвольной форме) экспертизы уполномоченному органу.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 22.04.2022 № 136/НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      9. Сервисный интегратор проводит экспертизу технического задания на соответствие архитектуре "электронного правительства" и на наличие возможности использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.08.2024 № 521/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9-1. Сервисный интегратор при повторном поступлении технических заданий на экспертизу, проводит экспертизу на безвозмездной основе в соответствий со сроками указанными в пунктах 6 и 8 настоящих Правил.

      Сноска. Правила дополнен пунктом 9-1 в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 22.04.2022 № 136/НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      10. Государственная техническая служба проводит экспертизу технического задания на соответствие требованиям нормативных правовых актов и стандартов, действующих на территории Республики Казахстан в сфере обеспечения информационной безопасности и защиты информации.

      10-1. Государственная техническая служба при повторном поступлении технических заданий на экспертизу, проводит экспертизу на безвозмездной основе в соответствий со сроками указанными в пунктах 6 и 8 настоящих Правил.

      Сноска. Правила дополнен пунктом 10-1 в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 22.04.2022 № 136/НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      11. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней с даты получения заключений экспертиз от сервисного интегратора и государственной технической службы согласовывает или возвращает техническое задание на доработку с учетом выявленных замечаний.

      12. Изменение функциональных и иных требований, предусмотренных в утвержденном техническом задании, за исключением требующих развития объекта информатизации "электронного правительства", оформляются в виде дополнения к утвержденному техническому заданию.

      Согласование дополнения к техническому заданию осуществляется в порядке, предусмотренном пунктами 5 – 11 настоящих Правил.