"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 521/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 тамызда № 34989 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды (бұдан әрі – техникалық тапсырма) жасау және қарау тәртібін айқындайды";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту техникалық тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Техникалық тапсырманы жасауды әкімші және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісі дербес немесе оны әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу жолымен жүзеге асырады.

      Техникалық тапсырманы жасау мыналарға:

      1) "Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелерді құруға арналған техникалық тапсырма" Қазақстан Республикасының СТ 34.015-2002 ұлттық стандартына;

      2) бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге, инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныс жобасына;

      3) "электрондық үкіметтің" архитектурасына;

      4) Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкестігіне және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде бірнеше рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің болуына техникалық тапсырмаға сараптама жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Салаларды цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады