"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19016 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 - тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қолайлы деп таниды";

      2- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 - тарау. Жалпы талаптар";

      3- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 - тарау. ӘК ұшуын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар";

      4- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 - тарау. Әуе кемесінің ұшу ерекшеліктері";

      5- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5 - тарау. Әуе кеменің конструкциясына жүктеулері";

      6- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6 - тарау. ӘК конструкциясы";

      7- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7 - тарау. ӘК жүйесі";

      8- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8 - тарау. Шасси";

      9- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9 - тарау. ӘК-де оттегіні пайдалану";

      10- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10 - тарау. Авариялық құтқару құрылғылары және авариялық шығулар";

      11- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11 - тарау. Қозғалтқыш";

      12- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12 - тарау. Газотурбиналық қозғалтқыш";

      13- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13 - тарау. Әуе винті";

      14- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14 - тарау. ӘК қорғау жүйесі";

      15- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15 - тарау. Қосымша қуатты қондырғылар";

      16- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16 - тарау. Құрылғылар мен компоненттер";

      17- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17 - тарау. Электрикалық жүйелер";

      18- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18 - тарау. Навигациялық жабдық";

      19- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19 - тарау. Радионавигациялық жабдық";

      20- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20 - тарау. Отын және май жүйесі".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады