"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 547 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19056 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17438 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының (бұдан әрі - кәсіпорын) басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сыйлықақы беру және лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақылары басшылар жұмысының нәтижелері бойынша мынадай жағдайларда белгіленеді:

      1) өткен кезеңде кәсіпорынның табысқа қол жеткізгені үшін;

      2) тиісті кезенге арналған кәсіпорынды дамыту жоспары шеңберінде мемлекеттік тапсырыс пен міндеттемелерді уақтылы орындағаны үшін.

      5. Сыйлықақы беру және лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі оң шешім қабылдаған кезде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету тәртібі

      8. Сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:

      1) жыл ішінде даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 %-інен асырмай, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:

      іссапар шығыстары;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтер;

      электр энергиясы;

      жылу;

      байланыстың көрсетілетін қызметтері;

      көліктік көрсетілетін қызметтер;

      негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;

      негізгі құралдар бойынша жалға алу ақысы;

      кредиттер бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу бойынша шығыстар;

      басқа да ағымдағы шығыстар;

      2) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:

      жалақы;

      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      9. Шығыстардың қалған түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге және материалдық көмек көрсетуге жұмсауға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады