Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 88) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2022 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіби біліктілікті тануға жіберу болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен қамтылған мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде олардың филиалдарының Қазақстан Республикасының шегінде және шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жiберiлетін қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) жұмыс берушінің іссапарға жіберу туралы бұйрығы негізінде:
1) iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн тәулiкақы;
2) тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары;
3) межелі орынға жерге бару және кері қайту шығыстары төленеді.
Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстарын (жол жүру билеті және отырғызу талоны (қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде) және корпоративтік (коммерциялық) картаны пайдаланған кезде тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.
4. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және iссапар күндеріне сәйкес келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2022 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлері және тәртібі
5. Тәулiкақы iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн мынадай мөлшерде төленеді:
1) қызметкерлерге (Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлерін қоспағанда) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – 7 (жеті) АЕК.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары мынадай мөлшерде төленеді:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына:
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 20 (жиырма) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;
2) өзге қызметкерлерге:
Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;
Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 12 (он екі) АЕК.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне – "Бизнес" сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша;
2) жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге – жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, "Эконом" сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша, ол болмаған жағдайда "Бизнес" сыныбы бойынша;
3) өзге қызметкерлерге – "Эконом" сыныбындағы әуебилетінің құны бойынша төленеді.
8. Темір жол көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерлердегі:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына және жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банк инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге – нақты шығыстар бойынша;
2) өзге қызметкерлерге – "Турист" және "Люкс" сыныптарындағы жүйрік пойыздардың купе вагонының тарифі бойынша, ал мұндай билет болмаған жағдайда – төменгі жағында жұмсақ дивандары, жайластырып реттеу қондырғысы бар (жатын вагон) отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купелі вагондар тарифі бойынша төленеді.
9. Автомобиль көлігімен (таксиді қоспағанда), сондай-ақ өзге көлікпен (су жолымен) межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерлердегі:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына – нақты шығыстар бойынша;
2) өзге қызметкерлерге – жергілікті жердегі жол жүру құны бойынша төленеді.
Жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген, Ұлттық Банк инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге ақылы жолдар бойынша инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жол жүру құны бойынша қосымша шығыстары өтеледі.
3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлері және тәртібі
10. Іссапарда болған күнтізбелік күндер үшін, оның ішінде жолда болған уақыты үшін тәулікақы қызметкерлерге Қағидаларға қосымшада көзделген нормалар бойынша төленеді.
11. Тұрғын үй-жайды - қонақүй нөмірлерін жалдау шығыстары қызметкерлерге мынадай:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына – Қағидаларға қосымшада көзделген "Люкс" сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша;
2) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасарларына – Қағидаларға қосымшада көзделген "Жартылай люкс" сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша;
3) өзге қызметкерлерге – Қағидаларға қосымшада көзделген "Стандарт" сыныбындағы қонақүй нөмірлерінің жіктелуі бойынша төленеді.
Қағидаларға қосымшада көзделген тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары нормаларынан асып түскен жағдайда мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне шығыстар растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша өтеледі.
Шақырушы тарап жалдау және брондау бойынша шығыстарды төлеусіз қонақ-үй нөмірін брондау жағдайында шығыстар қызметкерлерге растаушы құжаттардың негізінде нақты шығындар бойынша өтеледі.
12. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына - "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) бірінші сыныпты әуе билетінің құны бойынша;
2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне - "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
3) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына - "Эконом" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы төрт сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
4) инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің қызметкерлеріне - "Эконом" сыныбындағы, ал ол болмаған кезде жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;
5) өзге қызметкерлерге - "Эконом" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) "Эконом" сыныбының жақсартылған шағын сыныптары бойынша төленеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Темір жол көлігімен жол жүру шығыстары мынадай мөлшерлерде:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына, оның орынбасарларына, сондай-ақ Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – нақты шығыстар бойынша;
2) өзге қызметкерлерге – бірінші сыныптағы вагондарды қоспағанда нақты шығыстар бойынша төленеді.
14. Автомобиль көлігімен (таксиді қоспағанда), сондай-ақ өзге көлікпен (су жолымен) жол жүру шығыстары мынадай мөлшерлерде:
1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына – нақты шығыстар бойынша;
2) өзге қызметкерлерге – жергілікті жердегі жол жүру құны бойынша төленеді.
Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің ақылы жолдар арқылы жол жүру құнының шығыстары қосымша төленеді.
Таксимен (көлік трансферін қоса алғанда) жүруге байланысты шығыстар қызметкерлерге нақты шығыстар бойынша қызмет көрсетушілер ұсынатын растаушы құжаттар негізінде төленеді.
15. Виза орталығының консулдық және сервистік алымы үшін, сондай-ақ комиссиялық алымдар, билеттерді брондау және сатып алу, халықаралық байланыс желілерін, Интернет желісін, поездардағы төсек керек-жарақтарын пайдалану үшін шығыстар қызметкерлерге нақты шығыстар бойынша қызмет көрсетушілер ұсынған растайтын құжаттар негізінде төленеді.
Шетелде тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстардың нормалары
Р/с № | Мемлекет | Тәуліктік | Қонақүй нөмірлерінің жіктелуі | ||||||
АҚШ доллары | еуро | люкс | жартылай люкс | стандарт | |||||
АҚШ доллары | еуро | АҚШ доллары | еуро | АҚШ доллары | еуро | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Австрия Республикасы | 80 | 435 | 320 | 230 | ||||
2 | Австралия одағы | 90 | 400 | 300 | 250 | ||||
3 | Әзірбайжан Республикасы | 80 | 250 | 200 | 150 | ||||
4 | Албания Республикасы | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
5 | Алжир Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
6 | Антигуа және Барбуда | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
7 | Аргентина Республикасы | 80 | 330 | 210 | 120 | ||||
8 | Египет Араб Республикасы | 90 | 200 | 175 | 120 | ||||
9 | Барбадос | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
10 | Белиз | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
11 | Бермуд аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
12 | Венесуэла Боливария Республикасы | 80 | 260 | 210 | 110 | ||||
13 | Босния және Герцеговина | 80 | 195 | 160 | 125 | ||||
14 | Венгрия | 80 | 285 | 215 | 125 | ||||
15 | Уругвай Шығыс Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
16 | Люксембург Ұлы Герцогтігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
17 | Габон Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
18 | Гвинея Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
19 | Гренада | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
20 | Гибралтар | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
21 | Бруней-Даруссалам Мемлекеті | 90 | 180 | 140 | 120 | ||||
22 | Катар Мемлекеті | 90 | 400 | 270 | 130 | ||||
23 | Израиль Мемлекеті | 90 | 330 | 250 | 160 | ||||
24 | Кувейт Мемлекеті | 90 | 330 | 240 | 150 | ||||
25 | Грузия | 80 | 180 | 150 | 100 | ||||
26 | Грек Республикасы | 80 | 285 | 230 | 185 | ||||
27 | Доминикан Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
28 | Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
29 | Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
30 | Конго Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
31 | Шығанақтағы аумақтар | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
32 | Иордан Хашимит Корольдігі | 80 | 180 | 140 | 120 | ||||
33 | Исландия | 80 | 315 | 210 | 115 | ||||
34 | Иран Ислам Республикасы | 80 | 250 | 180 | 130 | ||||
35 | Ирландия | 80 | 405 | 250 | 165 | ||||
36 | Италия Республикасы | 80 | 375 | 290 | 205 | ||||
37 | Йемен Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
38 | Ауғанстан Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
39 | Мавритания Ислам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
40 | Пәкістан Ислам Республикасы | 80 | 290 | 180 | 155 | ||||
41 | Дания Корольдігі | 80 | 400 | 225 | 150 | ||||
42 | Андорра Князьдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
43 | Бахрейн Корольдігі | 90 | 300 | 240 | 100 | ||||
44 | Бельгия Корольдігі | 80 | 310 | 250 | 165 | ||||
45 | Гайана Кооперативтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
46 | Испания Корольдігі | 80 | 330 | 250 | 205 | ||||
47 | Кайман аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
48 | Камбоджа Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
49 | Канада | 100 | 300 | 285 | 150 | ||||
50 | Корей Халық Демократиялық Республикасы | 80 | 450 | 250 | 150 | ||||
51 | Қытай Халық Республикасы | 100 | 220 | 180 | 150 | ||||
Гонконг | 100 | 220 | 180 | 150 | |||||
Макао | 80 | 150 | 120 | 100 | |||||
52 | Қырғыз Республикасы | 80 | 275 | 130 | 100 | ||||
53 | Лесото Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
54 | Лихтенштейн Князьдігі | 80 | 405 | 205 | 110 | ||||
55 | Монако Князьдігі | 80 | 525 | 305 | 175 | ||||
56 | Марокко Корольдігі | 80 | 230 | 200 | 180 | ||||
57 | Нидерланд Корольдігі | 80 | 305 | 250 | 165 | ||||
58 | Норвегия Корольдігі | 80 | 390 | 330 | 250 | ||||
59 | Сауд Арабия Корольдігі | 90 | 400 | 180 | 130 | ||||
60 | Эсватини Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
61 | Таиланд Корольдігі | 90 | 300 | 240 | 130 | ||||
62 | Тонга Корольдігі | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
63 | Швеция Корольдігі | 80 | 530 | 355 | 200 | ||||
64 | Лаос Халық- Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
65 | Латвия Республикасы | 80 | 175 | 130 | 85 | ||||
66 | Ливан Республикасы | 80 | 260 | 150 | 100 | ||||
67 | Ливия | 80 | 165 | 120 | 100 | ||||
68 | Литва Республикасы | 80 | 165 | 125 | 100 | ||||
69 | Малави Республикасы | 80 | 150 | 120 | 120 | ||||
70 | Мальдив Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
71 | Мексика Біріккен Штаттары | 80 | 230 | 180 | 125 | ||||
72 | Малайзия | 90 | 300 | 270 | 170 | ||||
73 | Моңғолия | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
74 | Боливия Көпұлтты Мемлекеті | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
75 | Жаңа Зеландия | 80 | 300 | 240 | 150 | ||||
76 | Бангладеш Халық Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
77 | Тәуелсіз Папуа-Жаңа Гвинеясы мемлекеті | 80 | 160 | 130 | 100 | ||||
78 | Тәуелсіз Самоа мемлекеті | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
79 | Біріккен Араб Әмірліктері | 90 | 460 | 220 | 160 | ||||
80 | Танзания Біріккен Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
81 | Португалия Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
82 | Пуэрто-Рико | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
83 | Ангола Республикасы | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
84 | Армения Республикасы | 80 | 200 | 170 | 130 | ||||
85 | Беларусь Республикасы | 80 | 315 | 120 | 100 | ||||
86 | Бенин Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
87 | Болгария Республикасы | 80 | 380 | 200 | 130 | ||||
88 | Ботсвана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
89 | Вануату Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
90 | Гаити Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
91 | Гамбия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
92 | Гана Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
93 | Гватемала Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
94 | Джибути Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
95 | Гвинея-Бисау Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
96 | Буркино Фасо | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
97 | Бурунди Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
98 | Гондурас Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
99 | Ирак Республикасы | 80 | 180 | 140 | 110 | ||||
100 | Мадагаскар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
101 | Замбия Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
102 | Зимбабве Республикасы | 80 | 165 | 130 | 100 | ||||
103 | Үндістан Республикасы | 80 | 300 | 250 | 150 | ||||
104 | Индонезия Республикасы | 80 | 260 | 230 | 217 | ||||
105 | Кабо-Верде Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
106 | Камерун Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
107 | Кения Республикасы | 80 | 185 | 150 | 120 | ||||
108 | Кипр Республикасы | 80 | 265 | 210 | 150 | ||||
109 | Колумбия Республикасы | 80 | 220 | 200 | 160 | ||||
110 | Конго Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
111 | Коста-Рика Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
112 | Кот-д'Ивуар Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
113 | Куба Республикасы | 80 | 340 | 270 | 150 | ||||
114 | Корея Республикасы, Сеул қаласы | 90 | 530 | 250 | 210 | ||||
115 | Либерия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
116 | Маврикий Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
117 | Мали Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
118 | Солтүстік Македония Республикасы | 80 | 190 | 165 | 115 | ||||
119 | Мальта Республикасы | 80 | 230 | 180 | 120 | ||||
120 | Мозамбик Республикасы | 80 | 180 | 130 | 100 | ||||
121 | Молдова Республикасы | 80 | 190 | 150 | 100 | ||||
122 | Намибия Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
123 | Нигер Республикасы | 80 | 175 | 140 | 120 | ||||
124 | Никарагуа Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
125 | Палау Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
126 | Панама Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
127 | Парагвай Республикасы | 80 | 145 | 120 | 100 | ||||
128 | Перу Республикасы | 80 | 245 | 200 | 140 | ||||
129 | Польша Республикасы | 80 | 330 | 180 | 125 | ||||
130 | Мьянма Одағы Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
131 | Судан Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
132 | Эль-Сальвадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
133 | Сенегал Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
134 | Сингапур Республикасы | 90 | 500 | 300 | 200 | ||||
135 | Словения Республикасы | 80 | 195 | 165 | 125 | ||||
136 | Суринам Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
137 | Сьерра Леоне Республикасы | 80 | 240 | 160 | 100 | ||||
138 | Тәжікстан Республикасы | 80 | 170 | 130 | 100 | ||||
139 | Тринидад және Тобаго Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
140 | Уганда Республикасы | 80 | 180 | 140 | 100 | ||||
141 | Өзбекстан Республикасы | 80 | 315 | 180 | 100 | ||||
142 | Фиджи аралдары Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
143 | Сербия Республикасы | 80 | 205 | 165 | 125 | ||||
144 | Экваториалдық Гвинея Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
145 | Филиппин Республикасы | 90 | 280 | 220 | 150 | ||||
146 | Хорватия Республикасы | 80 | 260 | 195 | 125 | ||||
147 | Чад Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
148 | Чили Республикасы | 80 | 240 | 180 | 110 | ||||
149 | Эквадор Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
150 | Ресей Федерациясы | 80 | 450 | 280 | 220 | ||||
151 | Руанда Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
152 | Румыния | 80 | 280 | 185 | 130 | ||||
153 | Сан-Марино Республикасы | 100 | 320 | 250 | 180 | ||||
154 | Сейшель аралдары | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
155 | Сент-Люсия | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
156 | Сирия Араб Республикасы | 80 | 260 | 180 | 110 | ||||
157 | Словак Республикасы | 80 | 190 | 165 | 125 | ||||
158 | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі |
80 |
580 |
390 |
215 | ||||
159 | Багам Аралдары Достастығы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
160 | Соломон аралдары | 80 | 120 | 110 | 100 | ||||
161 | Америка Құрама Штаттары | 100 | 525 | 400 | 260 | ||||
Нью-Йорк қаласы | 100 | 1200 | 1000 | 575 | |||||
162 | Вьетнам Социалистік Республикасы | 80 | 200 | 150 | 100 | ||||
163 | Комар аралдары одағы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
164 | Оман Сұлтандығы | 90 | 300 | 240 | 120 | ||||
165 | Черногория | 80 | 205 | 165 | 125 | ||||
166 | Тайвань | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
167 | Тоголез Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
168 | Тунис Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
169 | Түрікменстан | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
170 | Түркия Республикасы | 100 | 350 | 230 | 180 | ||||
171 | Украина | 80 | 315 | 180 | 120 | ||||
172 | Бразилия Федеративтік Республикасы | 80 | 330 | 210 | 150 | ||||
173 | Германия Федеративтік Республикасы | 80 | 400 | 210 | 165 | ||||
174 | Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
175 | Финляндия Республикасы | 80 | 400 | 300 | 200 | ||||
176 | Француз Республикасы | 80 | 415 | 290 | 230 | ||||
177 | Нигерия Федеративтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
178 | Сомали Федеративтік Республикасы | 80 | 150 | 120 | 100 | ||||
179 | Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы | 80 | 240 | 180 | 120 | ||||
180 | Чех Республикасы | 80 | 255 | 210 | 125 | ||||
181 | Швейцария Конфедерациясы | 80 | 415 | 290 | 230 | ||||
182 | Эстония Республикасы | 80 | 330 | 175 | 125 | ||||
183 | Оңтүстік Африка Республикасы | 80 | 190 | 160 | 100 | ||||
184 | Ямайка | 80 | 180 | 150 | 120 | ||||
185 | Жапония | 100 | 360 | 325 | 220 |