"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 44 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28372 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19205 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 88) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және iссапар күндеріне сәйкес келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.".

      2. Адам капиталын дамыту департаменті (Ш.Т. Тоқбергенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы Г. Пирматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады