"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қаңтарда № 33878 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19205 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіби біліктілікті тануға жіберу болып табылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тәулiкақы iссапарда болған күнтізбелік күндер, оның ішінде жолда болған уақыт үшiн мынадай мөлшерде төленеді:

      1) қызметкерлерге (Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлерін қоспағанда) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      2) Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің жедел және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген қызметкерлеріне – 7 (жеті) АЕК.

      6. Тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары мынадай мөлшерде төленеді:

      1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына және оның орынбасарларына:

      Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 20 (жиырма) АЕК;

      Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;

      2) өзге қызметкерлерге:

      Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында – тәулігіне 15 (он бес) АЕК;

      Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы облыстарының аудан орталықтарында – тәулігіне 12 (он екі) АЕК.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әуе көлігімен межелі жерге бару және кері қайту шығыстары мынадай мөлшерде:

      1) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына - "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) бірінші сыныпты әуе билетінің құны бойынша;

      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарларына, сондай-ақ жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің бас дизайнеріне - "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

      3) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына - "Эконом" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы төрт сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

      4) инкассаторлар бригадасының құрамына кіретін, жұмыс берушінің шұғыл және (немесе) конфиденциалды сипаттағы өкімдерін орындау үшін іссапарға жіберілген Ұлттық Банктің инкассация бөлімінің қызметкерлеріне - "Эконом" сыныбындағы, ал ол болмаған кезде жүк тасу шығыстарының құнын қоса алғанда, "Бизнес" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша;

      5) өзге қызметкерлерге - "Эконом" сыныбындағы әуе билетінің құны бойынша, ал ұшу ұзақтығы бес сағаттан асатын кезде (тікелей ұшу) "Эконом" сыныбының жақсартылған шағын сыныптары бойынша төленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады