"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсіп кешенін департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2019 жылғы "__" ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "__" ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
2019 жылғы "__" ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2019 жылғы "__" ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
2019 жылғы "__" ______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы "__" ______________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастырумен және жүргізумен байланысты тәртіпті айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) – қойылатын талаптар осы Қағидаларда айқындалатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
3) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) мемлекеттік-қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – меншік нысандарына қарамастан әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындайтын және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсететін, біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізбесі;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі – ғылыми зерттеулер) – мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;
5-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;
6)мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындаушы (бұдан әрі – ғылыми зерттеулерді орындаушы) – шарт негізінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар (бұдан әрі – МҒБ) - мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган әзірлейтін және Комиссия мақұлдайтын, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің бағыттары;
8) бас үлгі – осы партияның немесе серияның келесі бұйымдарын шығару мен пайдалану үшін құрылымын және техникалық құжаттамасын пысықтай отырып, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы тәжірибелік әскери пайдалану жолымен қолдануы үшін жаңа немесе түзетілген құжаттама бойынша жасалған, тәжірибелік үлгіні жасау көзделмеген жағдайда жасалатын, жасап шығаруы мен монтаждауының ұзақ циклі бар ұсақ сериялы және дара өндірістің бірінші күрделі бұйымы (кешені);
9) дара (ұсақ сериялы) өнім – бір тапсырыс беруші үшін дайындаланатын және қайта дайындауға көзделмеген бірлі-жарым (ұсақ сериялы) өндірістің өнімі;
10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.08.2021 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
3. Мүдделі орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар уәкілетті органға МҒБ қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жібереді.
Уәкілетті орган ұсыныстарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде МҒБ әзірлейді.
Уәкілетті орган жанынан жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) мүдделі орталық атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан келіп түскен МҒБ қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
МҒБ әзірлегеннен кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҒБ-ны комиссияға қарауға жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.09.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. МҒБ-ны мақұлдағаннан кейін уәкілетті орган жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде МҒБ жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі – сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың Ережелері мен құрамдарын бекітеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.09.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Сараптама кеңестері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге сараптама жүргізеді.
Сараптама кеңестері алқалы органдар болып табылады және Қорғаныс ғылыми-техникалық комиссиясы мақұлдаған мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылады.
Сараптама кеңестерінің құрамдары қазақстандық құзыретті ғалымдардың, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, қорғаныс-өнеркәсіптік кешені ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады және оларды уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. МҒБ-ны қарағаннан және мақұлдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлдаған МҒБ шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер жібереді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының жанында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) қажетті ғылыми зерттеулерге арналған өтінімдерді оларды уәкілетті органға жіберер алдында мақұлдаған МҒБ шеңберінде қарайды.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мақұлданған МҒБ шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардан өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінімдер) алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған өтінімдерді қалыптастыру үшін субъектілерге жібереді.
Субъектілерге ғылым саласындағы уәкілетті органда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар, сондай-ақ қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдар және (немесе) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар айналымы саласында лицензияланған заңды тұлғалар жатады.
Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындауға тізілімдегі ұйымдар жіберіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру шеңберіндегі қаражат осы өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізумен тікелей байланысты шығыстарға бағытталады.
9. Субъектілер 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімдер енгізеді.
Өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды тиісті сараптама кеңесінің қарауына жібереді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Уәкілетті орган сараптама кеңестерінің қорытындыларын алған күннен бастап жұмыс 3 (үш) күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға сараптама кеңестерінің қорытындыларын қоса бере отырып, өтінімді жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар өтінімдерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссияға одан әрі шығару үшін ғылыми зерттеулердің тізбесін уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алу кезінде жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) уәкілетті органға жіберер алдында ғылыми зерттеулердің тізбесін қарайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Уәкілетті орган комиссияға ғылыми зерттеулер тізбелерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін жібереді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Комиссия ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік өтінімді әзірлеу үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Ғылыми зерттеулерді орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.
3-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт жасасу
16. Ғылыми зерттеулерді орындау ғылыми зерттеулердің орындаушысы мен уәкілетті орган арасында жасалған ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт негізінде іске асырылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделгенде, ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт ғылыми зерттеулерді орындаушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арасында жасалады.
Мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының негізінде шетелдік үлгі бар және құжаттамасы осы бұйым дайындалуы, жаңғыртылуы (модификациялануы) мүмкін және қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңа бұйымға қажеттілігіні болса:
бір және одан да көп елдерде сериялық түрде жүргізіледі және қарулануға қабылданды;
Қазақстан Республикасында ұқсас климаттық жағдайларда пайдаланылады;
әскери стандарттарға сәйкес келеді;
Қарулы Күштерді жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техникамен үйлесімді;
2) жаңа бұйымды сатып алу Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген, ғылыми зерттеулер және (немесе) ұқсас бұйымдарды тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне негізделген және тиісті сыныптау қоғамының мақұлдауы немесе тиісті мемлекеттің әзірлеуші-ұйымында әскери қабылдау өкілдігі қабылдаған жобалау құжаттамасы бойынша жоспарланса, ғылыми зерттеулер жүргізу талап етілмейді.
Ескерту. 16-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.09.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.17. Ғылыми зерттеулерді орындау қолданыстағы халықаралық және ұллтық стандарттарға, стандарттау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, олар болмаған кезде, орындау жасалған шарттың талаптарына және шарттарына сәйкес іске асырылады.
Бірлі-жарым (ұсақ сериялы) өнімді жасау кезінде тек бұйымның бас үлгісі ғана дайындалады.
Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.09.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.18. Ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт жасасу және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңның 22 және 23-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Ғылыми зерттеулердің орындалуын бақылауды уәкілетті орган немесе жасалған шарттың талаптары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы тікелей жүргізеді.
4-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қабылдау
20. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша орындаушы орындалған ғылыми зерттеулер бойынша тиісті есепті қалыптастырады.
Көрсетілген есепті ғылыми зерттеулерді орындаушы уәкілетті органға және жасалған шарттың талаптары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыға жібереді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар есепті жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде орындалған ғылыми зерттеулер бойынша алынған есептерді жасалған шарттың талаптарына сәйкестігіне қарайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
21. Орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды тиісті сараптама кеңесіне бекітуге жібереді.
МҚТ алушы кезінде (ол болған жағдайда) жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган бекіту алдында орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарайды.
Есептерді қарау нәтижелерін (олар болған жағдайда) МҚТ алушылар уәкілетті органға жібереді.
22. Уәкілетті орган сараптама кеңестерінің қорытындыларын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға сараптама кеңестерінің қорытындыларымен бірге орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекіту үшін жібереді.
23. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды одан әрі комиссияның қарауына жіберу үшін уәкілетті органға орындалған ғылыми зерттеулер бойынша бекітілген есептерді енгізеді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы (ол болған кезде) жанында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган бекіту алдында орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарайды.
24. Орындалған ғылыми зерттеулер бойынша бекітілген есептерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды Комиссияның қарауына енгізеді.
Уәкілетті орган орындалған ғылыми зерттеулер жөніндегі есептерді комиссия қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды сақтау үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға жібереді.
25. Орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Есептер мен нәтижелерді сақтауды уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
26. Осы Қағидалардың 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтарының күші тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қолданылмайды.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік үлгілерді қабылдау мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 862 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19645 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.09.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мақұлданған мамандандырылған ғылыми бағыттар шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге арналған өтінім
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.07.2020 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы | |
2. | Ғылыми зерттеу түрі | |
3. | Ғылыми зерттеудің болжалды ұзақтығы | |
4. | Ғылыми зерттеудің ұсынылған тақырыбы | |
5. | Ғылыми зерттеу өзектілігінің негіздемесі | |
6. | Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері | |
7. | Күтілетін ғылыми зерттеу нәтижелерінің түрі | Түпкілікті өнім |
8. | Ғылыми зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік мақсаты | Қандай бөлімшелерге, тұлғалар санаттарына арналған |
9. | Ғылыми зерттеулерге қойылатын қажетті өзге де талаптар мен техникалық сипаттамалар |
Мемлекеттік орган
басшысының орынбасары (қолы)
Күні
Ескерту: барлық бағандар Tіmes New Roman қарпімен толтырылады, өлшемі 14, 3 парақтан аспайды.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған өтінім
1 | Ғылыми зерттеулерді орындаушының атауы | |
2 | Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының атауы | |
3 | Ғылыми зерттеудің атауы | |
4 | Ғылыми зерттеудің түрі (ғылыми-зерттеу жұмысы, тәжірибелік-конструкторлық жұмыс, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс) | |
5 | Мамандандырылған ғылыми бағыт | |
6 | Шешімі үшін ғылыми зерттеуге жіберілген проблема | |
7 | Ғылыми зерттеудің өзектілігі | Қаралатын саладағы қазіргі жағдайдың қысқаша сипаттамасын беру, ұсынылған ғылыми зерттеуден бас тарту салдарынан бұл жағдай сақталған жағдайда қоғам шегетін шығындардың (тәуекелдердің) түрлері мен көлемдерін бағалау |
8 | Ғылыми зерттеулер нәтижелерін қолдану аясы, оларды пайдаланудың болжалды ауқымы | Ғылыми зерттеулердің нәтижелері пайдаланылатын қызметтің бағытын және нақты процестерді (өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық) көрсету. Пайдалану ауқымын көрсету (ұйымдардың саны, техника бірліктері, сатып алу көлемдері және т.б.). |
9 | Ғылыми зерттеуді орындау үшін қосымша негіздемелер | Ұсынылатын ғылыми зерттеуді орындау қажеттілігіне нұсқаулар бар болса, басшылыққа алынатын құжаттарда осы құжаттарға сілтемелер келтірілуі, сондай-ақ олардың көшірмелері қоса берілуі тиіс (үлкен көлемде материалдар болған жағдайда үзінділер). |
10 | Жоспарланған нәтиже | Ғылыми зерттеудің аяқталу дәрежесі нәтижені дербес пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету тиістігін ескеріп, оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыға беру нысанын көрсете отырып, ғылыми зерттеудің түпкілікті нәтижелерін (аяқталған және аралық нәтижелерді қоса алғанда) санамалау. |
11 | Зерттеу жоспарының іске асырушылығы | Ғылыми зерттеуде қолданылатын ғылыми әдістердің негізділігін, баламалы тәсілдердің бар-жоғын көрсету. Ресурстардың (адами, қаржылық және басқа да материалдық) және жұмысты мәлімделген мерзімдерге бөлудің жұмыс көлемі мен мазмұнына және сұралған қаржыландыру сомасына сәйкестігін түсіндіру. Адамдар мен жануарларға жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты мәселелердің бар-жоғын көрсету. Плагиаттың алдын алуға, деректерді фальсификациялауға және жалған деректер беруге, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденуге қатысты мәселелерді көрсету. |
12 | Өтініш берушінің құзыреттілігі | Ғылыми зерттеуді орындау үшін ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің құзыреттілік деңгейінің жеткіліктілігіне негіздеме беру. |
13 | Контрагенттің қосалқы мердігер ұйымдары (ғылыми-зерттеуді бірлесіп орындаушылар) | Ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, олар орындайтын жұмыстардың тізбесі және ғылыми зерттеуге жалпы пайыздық арақатынас бойынша осы жұмыстардың еңбек сыйымдылығы келтіріледі. |
14 | Ғылыми зерттеуді орындаушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі | |
15 | Растау құжаттарының көшірмелері | |
16 | Ғылыми зерттеуді орындау мерзімдері | |
17 | Ғылыми зерттеудің құны |
Ғылыми және (немесе) ________ _________________
ғылыми-техникалық қызмет (қолы) (тегі, аты-жөні)
субъектісінің жетекшісі/
Ұйымның жетекшісі
Ғылыми зерттеудің жетекшісі ________ _________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Күні
Ескерту: барлық бағандар Tіmes New Roman қарпімен толтырылады, өлшемі 14, 20 парақтан аспайды.