"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29536 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүдделі орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар уәкілетті органға МҒБ қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жібереді.

      Уәкілетті орган ұсыныстарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде МҒБ әзірлейді.

      Уәкілетті орган жанынан жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) мүдделі орталық атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан келіп түскен МҒБ қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

      МҒБ әзірлегеннен кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҒБ-ны комиссияға қарауға жібереді.

      4. МҒБ-ны мақұлдағаннан кейін уәкілетті орган жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде МҒБ жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі – сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың Ережелері мен құрамдарын бекітеді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ғылыми зерттеулерді орындау ғылыми зерттеулердің орындаушысы мен уәкілетті орган арасында жасалған ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт негізінде іске асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделгенде, ғылыми зерттеулерді орындауға арналған шарт ғылыми зерттеулерді орындаушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы арасында жасалады.

      Мынадай жағдайларда:

      1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының негізінде шетелдік үлгі бар және құжаттамасы осы бұйым дайындалуы, жаңғыртылуы (модификациялануы) мүмкін және қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңа бұйымға қажеттілігіні болса:

      бір және одан да көп елдерде сериялық түрде жүргізіледі және қарулануға қабылданды;

      Қазақстан Республикасында ұқсас климаттық жағдайларда пайдаланылады;

      әскери стандарттарға сәйкес келеді;

      Қарулы Күштерді жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техникамен үйлесімді;

      2) жаңа бұйымды сатып алу Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген, ғылыми зерттеулер және (немесе) ұқсас бұйымдарды тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне негізделген және тиісті сыныптау қоғамының мақұлдауы немесе тиісті мемлекеттің әзірлеуші-ұйымында әскери қабылдау өкілдігі қабылдаған жобалау құжаттамасы бойынша жоспарланса, ғылыми зерттеулер жүргізу талап етілмейді.

      17. Ғылыми зерттеулерді орындау қолданыстағы халықаралық және ұллтық стандарттарға, стандарттау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, олар болмаған кезде, орындау жасалған шарттың талаптарына және шарттарына сәйкес іске асырылады.

      Бірлі-жарым (ұсақ сериялы) өнімді жасау кезінде тек бұйымның бас үлгісі ғана дайындалады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Осы Қағидалардың 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтарының күші тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қолданылмайды.

      Тәжірибелік үлгілерді қабылдау мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19645 болып тіркелген) тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады