БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ЖАО бөлiмшелерi есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады:
1) осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есеп;
2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетiлген есептер;
3) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу, лицензиялау мәселелері, ветеринария және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлер саны туралы есеп (№ 7-вет нысан).";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады:
1) мемлекеттiк шекара арқылы алып өтілетін мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бақылауындағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi қарап тексерiп туралы есеп (№ 11-вет нысан);
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiндегi жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелерi туралы есеп (№ 12-вет нысан);
3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар мен жергiлiктi атқарушы органдар бөлiмшелерiнiң тексеруi, сондай-ақ ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталғандығы туралы есеп (№ 13-вет нысан).".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | С. Омаров |