"Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19836 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларында:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ЖАО бөлiмшелерi есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген есеп;

      2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетiлген есептер;

      3) ветеринариялық-санитариялық объектiлердi салу, лицензиялау мәселелері, ветеринария және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлер саны туралы есеп (№ 7-вет нысан).";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері есептiлiктiң мынадай түрлерiн ұсынады:

      1) мемлекеттiк шекара арқылы алып өтілетін мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бақылауындағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi қарап тексерiп туралы есеп (№ 11-вет нысан);

      2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiндегi жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелерi туралы есеп (№ 12-вет нысан);

      3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар мен жергiлiктi атқарушы органдар бөлiмшелерiнiң тексеруi, сондай-ақ ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталғандығы туралы есеп (№ 13-вет нысан).".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады