Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11265 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 7-1/394 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе – "Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың "e-Agrіculture"бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінде ветеринариялық есептер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер.

      3. Ветеринариялық есепке алу және есептілік эпизоотиялық ахуалды және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерініңветеринариялық-санитариялық жай-күйінжәне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың сақталуын, сондай-ақ жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен тиімділігін мониторингтеу және бағалау мақсатында жүзеге асырылады және оны:

      1) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері);

      3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;

      4) ветеринариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелер ұсынады.

      4. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      5. Ветеринариялық есептілік жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, ветеринариялық есептілік алушы (лар) ға қағаз нысанында (түпнұсқа немесе көшірме түрінде) жіберіледі.

      6. Ветеринариялық есепке алу журналдары тігіледі, нөмірленеді және тиісінше:

      ЖАО бөлімшелерінің;

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың;

      ветеринариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелердің журналын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның мөрімен бекемделеді.

      Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық есепке алу журналдарын тігеді, нөмірлейді және журналды жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың қолымен бекемделеді.

      Ветеринариялық есепке алу журналдарындағы жазбалар тиісті жұмысты орындау барысында немесе ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      7. Ветеринариялық есепке алу журналының титулдық парағында журналдың атауы, жазбалардың басталу және аяқталу күні, тиісті журналды жүргізуге жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, сондай-ақ лауазымы көрсетіледі.

      8. Ветеринариялық есепке алу журналдары (әкімшілік-аумақтық бірліктердің эпизоотиялық ахуалын жазуға арналған тұрақты сақталуы тиіс журналды қоспағанда) оларда жазба аяқталған уақыттан бастап үш жыл бойы сақталуы тиіс.

2-тарау. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      9. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың ветеринария саласында жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметінің түріне қарай ветеринариялық есепке алудың мынадай журналдарын жүргізеді:

      1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 1-вет нысан бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазуға арналған журнал;

      2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 2-вет нысан бойынша жануарлардың ауруларын тіркеуге арналған журнал;

      3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 3-вет нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде ет пен субөнімдердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы;

      4) бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 4-вет нысан бойынша ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында етті, балықты, теңіз өнімдерін және жұмыртқаны ветеринариялық-санитариялық сараптау журналы;

      5) бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 5-вет нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында сүт және сүт өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы;

      6) бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 6-вет нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында балды сараптау журналы.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген журналдарды жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жүргізеді.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген есепке алу журналдарының деректері негізінде жеке және заңды тұлғалар есептіліктің мынадай нысандарын ұсынады:

      1) бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп.

      Аталған есепті толтырғандаосы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген журналдың деректері пайдаланылады;

      2) бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ішкі сауда объектілеріндегі (базарлардағы) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп. Осы Қағидалардың 9-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген журналдар есепті жасау үшін бастапқы деректер болып табылады;

      3) бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша заңды тұлғалардың ветеринариялық биопрепараттар өндіруі туралы есеп;

      4) бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық препараттарды қолдану және азық пен азықтық қоспаларды пайдалану туралы есеп.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есептілікті ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне қарай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      13. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – мемлекеттік ұйымдар) жүзеге асырылатын функцияларына байланысты ветеринариялық есепке алудың мынадай журналдарын жүргізеді:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есепке алу журналдары;

      2) бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 7-вет нысан бойынша зертханаларға келіп түскен материалдарды тіркеу журналы;

      3) бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 8-вет нысан бойынша бактериологиялық зерттеулер журналы;

      4) бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 9-вет нысан бойынша вирусологиялық зерттеулер журналы;

      5) бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 10-вет нысан бойынша серологиялық зерттеулер журналы;

      6) бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 11-вет нысан бойынша гематологиялық зерттеулер журналы;

      7) бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 12-вет нысан бойынша гистологиялық зерттеулер журналы;

      8) бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 13-вет нысан бойынша сібір жарасына былғары және үлбір шикізатының сынамаларын зерттеу журналы;

      9) бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 14-вет нысан бойынша жануарлардың паразиттік ауруларына зертханалық зерттеулерді есепке алу журналы;

      10) бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 15-вет нысан бойынша азықтарды және басқа да материалдарды микотоксикологиялық зерттеулер журналы;

      11) бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 16-вет нысан бойынша химиялық-токсикологиялық зерттеулер журналы;

      12) бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 17-вет нысан бойынша биохимиялық және зертханалық-клиникалық зерттеулер журналы;

      13) бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 18-вет нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын гидрохимиялық және токсикологиялық зерттеулер журналы;

      14) бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 19-вет нысан бойынша ветеринариялық зертхананың радиологиялық бөлімінің ветеринариялық есеп бойынша зерттеулерін есепке алу журналы;

      15) бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 20-вет нысан бойынша ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналы;

      16) бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 21-вет нысан бойынша ветеринариялық есеп бойынша жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарын жұқтырған зертханалық жануарларды есепке алу журналы;

      17) бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 22-вет нысан бойынша микроорганизмдер штамдарын беру журналы;

      18) бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 23-вет нысан бойынша микроорганизмдер штамдарының қасиеттерін тексеру нәтижелерін тіркеу журналы;

      19) бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 24-вет нысан бойынша биоматериалдарды, микроорганизмдер штамдарының өсінділерін жоюды тіркеу журналы;

      20) бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 25-вет нысан бойынша тамақ өнімдерін, жартылай фабрикаттарды және жануарлардан алынатын шикізатты сараптау нәтижелерін тіркеу журналы;

      21) бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 26-вет нысан бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелерін тіркеу журналы;

      22) бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 27-вет нысан бойынша ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау туралы журнал;

      23) бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 28-вет нысан бойынша ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау және түсу жөніндегі журнал.

      14. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырылатын функцияларға байланысты есептіліктің мынадай нысандарын ұсынады:

      1) бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық зертханалардың қызметі туралы есеп;

      2) бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша референттік зертхананың қызметі туралы есеп.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның аудандық филиалдары жасайды және есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай мемлекеттік ұйымның облыстық филиалдарына және ауданның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның облыстардағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары ветеринариялық есептілікті есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін оны есептік кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ведомствоға ұсынады.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның республикалық маңызы бар қаладағы филиалы жасайды және ветеринариялық есептілікті есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін оны есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ведомствоға ұсынады.

      17. Республикалық мемлекеттік мекеме нысанындағы мемлекеттік ұйым орындалған жұмыстар актілерінің негізінде жасалатын бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою туралы есепті ұсынады.

      Ветеринариялық есептілікті мемлекеттік ұйымның облыстық филиалдары жасайды және есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай мемлекеттік ұйымның орталық аппаратына ұсынады.

      Мемлекеттік ұйымның орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жинақтап, талдау жүргізеді, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай оны ведомствоға ұсынады.

      18. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі – ЖАО мемлекеттік ұйымдары) осы Қағидалардың 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есепке алу журналдарын жүргізеді.

      19. ЖАО мемлекеттік ұйымдары есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған биопрепараттардың бар-жоғы және жұмсалуы туралы есеп;

      2) бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарлардың аурулары туралы есеп;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есеп.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық есептілікті аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі және ауылдық округтегі ветеринариялық пункт жасайды және есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне қарай облыстың ЖАО мемлекеттік ұйымының орталық аппаратына ұсынады.

      Облыстың ЖАО мемлекеттік ұйымының орталық аппараты ветеринариялық есептілікті жүргізеді, жинақтайды және талдауды жүргізеді, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай оны облыстың ЖАО бөлімшесіне және есептіліктің екінші данасын тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынады.

      Облыстық және республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ЖАО-ның мемлекеттік ұйымы ветеринариялық есептілікті жүргізеді және талдайды, содан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай оны облыстық және республикалық маңызы бар қаланың,астананың ЖАО бөлімшесіне және есептіліктің екінші данасын тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынады.

4-тарау. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің ветеринариялық есепке алуды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібі

      21. ЖАО бөлімшелері есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген есептер;

      2) бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мәселелері, лицензиялау, ветеринария және жануарларды бірдейлендіру саласында қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігерлердің саны туралы есеп.

      22. ЖАО бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО мемлекеттік ұйымдары ұсынған есептерді жинақтағаннан және талдағаннан кейін есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелеріне ветеринариялық есептілікті ұсынады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері ЖАО бөлімшелері ұсынған есептерге олардың толтырылуының дұрыстығына талдау жүргізеді және есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай жүргізілген талдаулардың нәтижелерімен ведомствоға ветеринариялық есептілікті ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5-тарау. Ветеринариялық есепке алуды жүргізу және аумақтық бөлімшелердің және ветеринариялық бақылау бекеттерінің есептілікті ұсыну тәртібі

      23. Аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері мынадай ветеринариялық есепке алу журналдарын жүргізеді:

      1) бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 29-вет нысан бойынша шекаралық ветеринариялық-санитариялық бақылау бекетінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды есепке алу және қарап-тексеру журналы;

      2) бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 30-вет нысан бойынша сою пункттерінде (алаңдарында) және ет комбинаттарында сойылған жануарларды қарап-тексеру және ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелерін есепке алу журналы;

      3) бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 31-вет нысан бойынша ішкі сауда объектілерінде (базарларда) өткізілетін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тіркеу журналы;

      4) бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес ветесеп, № 32-вет нысан бойынша өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруді тіркеу журналы.

      24. Аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері есептіліктің мынадай түрлерін ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген есептер;

      2) бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мемлекеттік шекара арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бақылауындағы объектілерді қарап-тексеру туралы есеп;

      3) бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері туралы есеп;

      4) бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін тексеру туралы есеп.

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген ветеринариялық есептілікті аумақтық бөлімшелер, оның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері жасайды және облыстық аумақтық бөлімшелерге есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ұсынады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері ведомствоға есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне қарай ветеринариялық есептілікті ұсынады.

      Ведомство облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік ұйымдар ұсынған есептерді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелері жүргізген талдаулардың нәтижелерін талдайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      26. Ведомство алынған есептік деректердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жануарлар ауруларының пайда болу, даму және жою мүмкіндігін болжау үшін республика бойынша жиынтық есеп қалыптастырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады