Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.12.2021 № 131/18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр – Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 219/31-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 810 тіркелген, 2014 жылдың 8 мамырында "Aстана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізу туралы:
жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана", "Астанада" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген" деген сөздерін "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
Астана қаласы мәслихатының Регламентінде: "Астана", "Астанада", "Астанаға" деген сөздер "Нұр-Сұлтан" "Нұр-Сұлтанда", "Нұр-Сұлтанға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | Қ. Таукен |