"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 27 наурыздағы №219/31-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 810 болып тіркелген) шешімі;
2) Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласы мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №219/31-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 432/55-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1250 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |