"Астана қаласы мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 219/31-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 432/55-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 1250 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 131/18-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.12.2021 № 131/18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр – Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 219/31-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 810 тіркелген, 2014 жылдың 8 мамырында "Aстана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізу туралы:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана", "Астанада" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген" деген сөздерін "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Астана қаласы мәслихатының Регламентінде: "Астана", "Астанада", "Астанаға" деген сөздер "Нұр-Сұлтан" "Нұр-Сұлтанда", "Нұр-Сұлтанға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Таукен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады