Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 09.04.2020 № С-42/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Краснояр ауылдық округінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.";
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.";
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.";
7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"7. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады, тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері үшін өтемақы, жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға өтемақы, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
Тұрғын үй көмегi төлемдерін қаржыландыру қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.";
қазақ тіліндегі 11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"11. Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары алып жатқан көлеміне байланысты жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) өтініш берген тоқсанда 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады. Көмірдің құны тұрғын үй көмегі есептелген тоқсанның алдыңдағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес алдыңғы тоқсанда қалыптасқан орташа баға қабылдансын.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
С.Зиборов |
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Ж.Абишев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімдігі |