"Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 маусымдағы № 6С-42/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 шілдеде № 7276 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 6С-52/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанда "Бұланды таңы" және "Вести Бұланды жаршысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      8 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға;

      туберкулез ауруымен ауыратындарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);

      ауылда мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндетті адамдарды қайтыс болғанда жерлеуге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.";

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз азаматтарда (отбасында) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде:

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға табыс мөлшері талап етілмей, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы табыс мөлшері талап етілмей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғаларға табыс мөлшерін қажет етпей, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрт салдары келген жағдайда ең төмен күн көріс деңгейін есептемеген жағдайда оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша азаматтарға (отбасыларға);

      3) Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндеттілердің қайтыс болғанда жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз етуге тоқсан сайынғы көмек табыс мөлшерін қажет етпей (ағымдағы тоқсандық кестеге сәйкес маршруттық автобустардың жол жүру кестесі бойынша күніне 2 талон есебінен Макинск қаласының маршруттық автобустарында жол жүру талондары). Есепті айдан кейінгі 5-ші күннен кешіктірілмей қызмет көрсетушілердің шығындары көрсетілген қызмет актілеріне және жол жүру талондарына сәйкес төленеді.";

      18 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады;

      6) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 42-сессияның төрағасы А.Есентұров
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Қусайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады