Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1 - тармағындағы "1.3.6." сандары "1.1" сандарымен ауыстырылсын;
шешімнің қосымшасындағы 6 - тармақтың 1.1) тармақшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2019 жылғы 1 наурыздағы № 385 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша | |
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізу
р/с | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1.1 | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 |